Білім

Қазақстандық оқушылар Қытайда өткен робототехника чемпионатында жеті жүлде жеңіп алды

Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу»»,- делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.

Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетіп, еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады:

2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).

6 арнайы төрешілер жүлдесі:

• Innovation Project Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы;

• Core Values Award – Leas оқу орталығының Alliance командасы;

• Challenge Solution Award және Innovation Project Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Түркістан облысындағы №33 мектептің AquaBots командасы;

• Core Values Award және Engineering Excellence Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Шымкент қаласындағы №149 мектептің Yassi командасы;

• Challenge Solution Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Қызылорда облысындағы №290 мектептің OtAi командасы;

• Team Poster Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектептің Arctic Rescuers командасы;

• Team Model Award – Алматы қаласындағы оқушылардың «Alem» инновациялық шығармашылық орталығының Alem Innovators командасы.