Қазақстандық оқушы Азия-Тынық мұхиты аймағының ең мықты лингвисі атанды
Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасы – APLO-2025 өз мәресіне жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қытай, Аустралия, Гонконг, Жапония, Малайзия, Иран, Корея, Сингапур, Таиланд сияқты АТА елдерінің дарынды оқушыларын біріктірген беделді зияткерлік жарысқа биыл 500-ге жуық оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Маңғыстау облысындағы IT-лицейдің оқушысы Рамазан Бутантаев жоғары нәтиже көрсетіп, олимпиаданың абсолютті жеңімпазы атанды. Ол аймақтың ең мықты қатысушыларын басып озып, алтын медаль иеленді.
Жалпы, Қазақстан құрамасы лингвистикалық олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижені көрсетті – 5 медаль және 3 Құрмет грамотасын жеңіп алды:
Рамазан Бутантаев – 10-сынып, мамандандырылған IT-лицей, Маңғыстау облысы;
Самир Сарбасов – 12-сынып, НЗМ, Астана қаласы;
Тимур Кантаев – 11-сынып, «Арыстан» мамандандырылған мектебі, Алматы қаласы;
Зере Серікова – 11-сынып, №9 «Зерде» мектебі, Астана қаласы;
Темірлан Сейтбаттал – 11-сынып, БИЛ, Ақмола облысы.
Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
Ислам Сипатталов – 10-сынып, БИЛ, Ақтөбе қаласы;
Шыңғыс Қарасаев – 11-сынып, НЗМ, Орал қаласы;
Арон Хасанов – 11-сынып, БИЛ, Атырау қаласы.