Білім

Қазақстанда 740 мектепке директор жетіспейді

Еліміздегі 740 мектепке директор жетіспейді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі кеңейтілген алқа отырысында айтты. Әсіресе, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Қостанай облыстарында жағдай күрделі.

Одан бөлек, «мақсатты мектептер» жобасы аясында биология, информатика, ағылшын және қазақ тілдері бойынша педагогтердің біраз әлсіз тұсы анықталған.

Министр болашақ мұғалімдерді дайындайтын оқу ордаларының білім беру бағдарламаларын қайта қарауды ұсынды.

«7 653 түлектің осындай жоғарғы оқу орындарын бітірген 45%-ы ғана 50%-дық шекті деңгейден өте алды. Бұл пәндік білімдегі елеулі олқылықтарды көрсетеді+ Өрлеуге педагогикалық жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, біліктілікті арттыру курстарының бағдарламаларын түбегейлі қайта қарауды тапсырамын», - деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.