Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді
Білім беру грантының иегерлеріне оқу жылына 1 миллион теңгеге дейін оқу ақысы төленеді. Сондай-ақ, оқу мерзімі ішінде 40 мың теңге мөлшерінде ай сайынғы шәкіртақы төленеді, деп хабарлады Elorda.info.
Білім беру грантына кімдер үміткер бола алады:
-ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
-жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-мүгедектігі бар азаматтар;
-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
-төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Шәкіртақы жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, 10 ай ішінде жыл сайын төленеді. Толық ақпаратты мына сілтеме бойынша білуге болады.
-->