Білім

Астаналық оқушы халықаралық олимпиадада жеңімпаз атанды

Елордалық оқушы халықаралық олимпиададан абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қаласындағы Шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушысы Сәулебек Әлидан халықаралық олимпиадаға қатысып, абсолютті жеңімпаз атанып,  еліміздің  көк туын желбіретті», - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, әлемнің  түкпір-түкпірінен жүздеген дарынды оқушы қатысқан СОРЕRNICUS олимпиадасы  физика, химия, биология, география пәндері бойынша өтті. Жас дарынды Сәулебек  химия пәні бойынша қатысып, әр мемлекеттен келген қатысушылар ішінен оза шауып бірінші орынға ие болды..