Білім

Астанада жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Астанада жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Форумда Ғылым және жоғары білім министрі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, «Атамекен» ҰКП мен Еуропалық білім сапасына кепілдік беру тізілімінің (EQAR) өкілдері қатысты.

Форум аясында 3 тақырыптық сессия өтті: «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ішкі сапасын қамтамасыз етуінің тюнингі», «Ғылыми кадрларды дайындауды жақсарту», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту».

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек форумды құттықтау сөзімен ашып, алдағы онжылдықта дағдыларға басты назар аударылатынын, ал жаңа әдістер болашақтың негізгі құзыреттерін бағалауға және дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Академиялық және жеке өсуге ықпал ететін біртұтас білім беру білім алушылардың жетістігі үшін өте маңызды болады.

6131857d9f2a72e95afc0114ce07048e_1280x720.jpg

«Атамекен» ҰКП-ның Адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры 19 критерий бойынша бағаланған 95 жоғары оқу орнының 2000 білім беру бағдарламалары рейтингінің қорытындысын ұсынды, олардың ішінде: түлектердің мансаптық перспективалары, білім беру бағдарламаларының сапа көрсеткіштері, білім беру бағдарламаларының жетістіктері, мазмұнын бағалау және жалпы көрсеткіштер.

Ұлттық рейтинг жоғары оқу орындарының сапасын арттыруда ерекше рөл атқарады. Сондықтан форумның назарында академиялық рейтингтер құрудың халықаралық практикасы және отандық жоғары білім беру жүйесінде ұлттық рейтингті қалыптастыру әдіснамасы мәселелері болды.

Форум жұмысына EQAR президенті Стефан Левик мырза қатысты. Ол еуропалық және қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғары білім сапасын қамтамасыз етудегі проблемалардың ортақтығын, сондай-ақ аккредиттеу органдарының EQAR-ға кіруінің қажеттілігі мен маңыздылығын атап өтті.

-->

Жоғары білім әлемі сапаны қамтамасыз ету саласы сияқты тұрақты қозғалыста. Жаңа тенденциялар пайда болған сайын, оқу орындары икемді болып қалуы керек, олардың сапаны бақылау тетіктері сенімді, өзекті және қазіргі студенттердің қажеттіліктерін шынымен көрсететіндей бейімделуі керек. Қазір жоғары білім берудегі басты назар қазіргі еңбек нарығына бейімделген білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Жоғары оқу орнының сапасы дәл осы өлшеммен бағаланады. Егер еңбек нарығы сіздің өнімдеріңізді, яғни түлектеріңізді ұнатса, олар бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие білім мен дағдылар жиынтығына ие болса, бұл университет ішінде дұрыс құрылған жүйе. Осы міндетті іске асыру үшін биыл пилоттық режимде студенттердің еңбек нарығының талаптары бойынша дағдыларын жаңадан ерте бағалау іске қосылады, - деді министр.