Білім

Астанада «Жаңа қадам» ұлықтау рәсімі өтті

 Елордадағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласындағы білім беру ұйымдарының мектепішілік және студенттік Парламент президенттерін ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

 Ұлықтау рәсімі Еліміздің әнұранын орындаумен салтанатты түрде ашылды.

76 мектеп пен 16 колледж көшбасшылары мектепішілік және студенттік Парламенттің белсендісі әрі жанашыры болуға, Отанды сүюге, қала мен қоғамның өркендеуіне үлес қосуға, Президент лауазымына кірісе отырып, өз білім ордасының мүддесін қолдауға және лайықты көшбасшы болуға салтанатты түрде ант берді.

Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы, Республикалық оқу әдістемелік қосымша білім беру орталығының өкілдері, құрметті қонақтар, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Іс-шара балаларды жаңа белестерге жетелейтін «Біз біргеміз! Бұл біздің күшіміз!» флэшмобымен аяқталды.

Айта кетейік, 21 қазан күні білім беру ұйымдарында мектепішілік және студенттер Парламенті президенттерінің сайлауы өтті.

Сабина КӘКІМЖАН

-->

Ұлтымыздың көсемі Әлихан Бөкейханұлы «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген. Бұл алдағы уақытта есте болады. Қатарластарыма тілерім, ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл. Баршаңызға сәттілік, - деді қаладағы №52 мектептің 10-сынып оқушысы әрі мектеп президенті Нұрдәулет Сағымбек.

Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасы, Республикалық оқу әдістемелік қосымша білім беру орталығының өкілдері, құрметті қонақтар, педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.

Бұл - білім беру ұйымдарының көшбасшылары үшін жастардың бойында азаматтық және патриотизмді дәріптейтін айтулы, тарихи оқиға. Бүгін ұлықтау рәсіміне кіл мықтылар жиналған. Сіздер ең белсенді, креативті жандарсыздар. Қолға алған әрбір бастамаларыңыздың жүзеге асуын тілейміз. Сіздердің араларыңыздан болашақ депутаттар, инженерлер шығады деп үміттенемін, - деді Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.