Астанада «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңі басталды
Астанада республикалық «Үздік педагог» байқауының қалалық кезеңі басталады, деп хабарлады Elorda.info.
Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, штаттағы педагогтері қатыса алады. Байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап, республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.
Құжаттарды қабылдау 7 тамыздан 21 тамызға дейін жалғасады. Байқау туралы ақпарат astana-modern.kz сайтында орналастырылған.
Байқауға қатысушы үміткерді, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау uzdikustaz-nobd.iac.kz веб-порталында жүзеге асырылады.
«Үздік педагог» атағына білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер үміткер бола алады. Байқау аясында педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. Байқаудың қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған педагогтер жеңімпаз атанып байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.
-->Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, штаттағы педагогтері қатыса алады. Байқаудың барлық кезеңі, яғни қатысушыларды тіркеуден бастап, республикалық кезеңнің қорытындысын шығаруға дейін толығымен цифрландырылған.