Білім

Астанадағы мектепте «Ақселеутану» сабағы өтеді

Елорда мектептеріндегі «Elorda Aqparat» серіктестігі қызметкерлерінің кездесуі жалғасып жатыр. Кезекті танымдық басқосу Астана қаласындағы Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінде өтті, деп хабарлады Elorda.info. 

Журналистер мектептегі Ақселеу Сейдімбек атындағы музейді аралап, көрнекті жазушының құнды дүниелерімен танысты. Этнограф-жазушының атындағы музей оқу ордасында 2010 жылдың 11-қыркүйегінен бастап ашылып, жұмыс істей бастады.  Музейде жазушы өзі қолданған құнды жәдігерлер орналасқан.  Мектептегі мұражай осылайша Ақселеу әлемінен сыр шертіп, оның қазаққа қалдырып кеткен мол мұрасынан жас ұрпаққа хабар беріп тұр. Мектепте көрнекті жазушының туған күніне орай тақырыптық сап түзеулер, сынып сағаттары ашық есік күндері – жыл сайынғы дәстүрлі шараға айналған. Мектепте 2010-2011 жылдардан бері «Ақселеутану» факультатив сабақтары мектепте тұрақты түрде жүргізілуде.

акселеу 1.jpg

акселеу 3.jpg

Серіктестіктің «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясында өткен кездесуде оқушылар газет журналистеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

«Қазіргі жастар жақсы ақша табуды қалайды. Журналист болып мол ақша табуға бола ма?», «Биші болсам медиа арқылы танымал бола аламын ба, қай желіге жүктеген дұрыс?», «Журналист халықтың әлеуметтік проблемаларын шешкен, қоғамға әсер еткен тұстары болды ма?», «Шынында да қазір газет оқылмайды, кітаптың бетін ашпайтындар көп. Сіздер осы газетке адамдарды қызықтыру үшін қандай жұмыстар жасап жатырсыздар?», «Журналист болам деген оқушылар редакцияға барып, тағылымдама секілді бағыт-бағдар алуына бола ма?» деген  оқушылардың түрлі сауалдарына кәсіби журналистер толыққанды жауап берді. Серіктестік директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы медиасауаттылық туралы ойымен бөлісті.

акселеу 2.jpg

Ардагер журналист Таңатар Төлеуғалиев кез келген адаммен сөйлесе алатын, халық пен билік арасында дәнекер болып жүретін, елдің жанайқайын жеткізетін журналистің қиындығы мен қызығы қатар жүретін кәсібіне қатысты өзінің мол тәжірибесінен сөз етсе, осы жолдардың авторы және сарапшы журналист Қалиакпар Үсемханұлы өз ойларын ортаға салды. 

калиакбар.jpg

«Қандай желіде тезірек танылу болады?» деген сауалға мобилограф Жансая Таңырқұл 

 Сонымен қатар фототілші Оңалхан Өнерхан жас буынға газет пен сайтқа қажетті фотосуреттерді қалай сапалы әрі тартымды етіп түсіруге болатындығы туралы өз тәжірибесімен бөлісті. 

Кездесу соңында мектеп атынан Орынбасар Сейдешов журналистерге рахметін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Гүлшат САПАРҚЫЗЫ.

-->

Мұражайдың қазіргі таңдағы басты міндеті – мектеп атауын толық алғаннан кейін «Ақселеутанушылар» тобын құрып, жүйелі зерттеу жұмыстарын жасау болып отыр. Жазушы атындағы музейдің біздің мектебімізде орналасуы біздер үшін үлкен абырой болумен қатар үлкен жауапкершілікті жүктейді.Біздің оқушылар ғұлама ғалымның еңбектерін оқып, рухани баюды, қазақтың біртуар ұлынан үлгі алуды мақсат тұтады. Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай өткізілген «Ең үздік мектеп-музейі-2017» қалалық байқауында біздің музей жүлделі 2-орынды жеңіп алғанын мақтанышпен айта аламыз, .- дейді музей меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынбасар Сейдешов.

акселеу 3.jpg

Серіктестіктің «Мектеп және медиасауаттылық» жобасы аясында өткен кездесуде оқушылар газет журналистеріне өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

«Қазіргі жастар жақсы ақша табуды қалайды. Журналист болып мол ақша табуға бола ма?», «Биші болсам медиа арқылы танымал бола аламын ба, қай желіге жүктеген дұрыс?», «Журналист халықтың әлеуметтік проблемаларын шешкен, қоғамға әсер еткен тұстары болды ма?», «Шынында да қазір газет оқылмайды, кітаптың бетін ашпайтындар көп. Сіздер осы газетке адамдарды қызықтыру үшін қандай жұмыстар жасап жатырсыздар?», «Журналист болам деген оқушылар редакцияға барып, тағылымдама секілді бағыт-бағдар алуына бола ма?» деген  оқушылардың түрлі сауалдарына кәсіби журналистер толыққанды жауап берді. Серіктестік директорының орынбасары Рауан Сәбитұлы медиасауаттылық туралы ойымен бөлісті.

акселеу 2.jpg

Мысалы, қолыңыздағы кітап пен смартфон, көше бойындағы жарнама тақтайшалары, дүкеннің маңдайшасы, фильм, көне ескерткіштер, видео ойын­дар, музыка, аңыз-ертегілер мен ауызекі сөз­ге дейін медиаға жатады дегенге не дейсіз? Қоршаған ортаны енді танып-біліп, дүниетанымы қалыптасып келе жатқан, болашақта толығымен тех­нология дәуірінде өмір сүретін балаларға бұл, тіпті, өзекті. Желіні қолданба деп ешкім айтпайды, қолданыңыз, ол қажет құралдың бірі. Бірақ, шын ақпарат пен жалғанды айыра білу керек. Жалпы, журналист мамандығы өте қызықты, жасай білген адамға табысты кәсіп,-деді ол өз сөзінде.

Ардагер журналист Таңатар Төлеуғалиев кез келген адаммен сөйлесе алатын, халық пен билік арасында дәнекер болып жүретін, елдің жанайқайын жеткізетін журналистің қиындығы мен қызығы қатар жүретін кәсібіне қатысты өзінің мол тәжірибесінен сөз етсе, осы жолдардың авторы және сарапшы журналист Қалиакпар Үсемханұлы өз ойларын ортаға салды. 

Көпшіліктің газетті оқуға ынтасын ашуға қандай кеңес бересіз?» деген сауалға жан-жақты жауап берді.  «Тәрбие – тал бесіктен. Ең әуелі, баланың ата-анасы үйінде кітап сөресін жинап, кітап оқудан балаға үлгі көрсетуі тиіс еді. Қазір қарасаң, жас аналар бір қолы бесікте, екіншісімен телефондағы желіде отырады. Әрине, танымал болу, ақша табу деген жақсы, бірақ білім болмай, ел алдына шығып абырой таппайсың. Ал, журналист болам деген адамда мен мына қасиеттердің болуын қалар едім – әуестік(қызығушылық), көп оқитын қасиет, табандылық, ұлтқа қызмет етемін деген мінез. Осы мамандықты таңдап, белгілі бір нәтижеге ұмтылған балада осы қасиеттер болуы тиіс»,-деді Қ.Үсемханұлы. 

калиакбар.jpg

«Қандай желіде тезірек танылу болады?» деген сауалға мобилограф Жансая Таңырқұл 

Жастардың араында ең танымал желі ретінде тик-токты айтуға болады. Сондай-ақ YouTube-ні көп адам қарайды, мысалы, Қалиакпар ағаның YouTube арнасына 91 мыңнан аса адам тіркелген. Жақсы, сауатты контент жасау арқылы оқырмандарды көбірек тартуға, сөйтіп танымал болуға әбден болады»,-деді жас та болса білікті маман Жансая.