Білім

Астанада WorldSkills республикалық чемпионаты өтеді

Астанада 22-27 қараша аралығында «WorldSkillsKazakhstan 2023» IX республикалық чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олимпиадаға еліміздің 545 жас маманы мен 520 сарапшысы қатысады. Байқаудың алғашқы үш күнінде, яғни, 23-25 ​​қараша аралығында колледж студенттері 30 салалық мамандық бойынша үздік атану үшін бақ сынасады. Олардың ішінде электр монтаждау, бизнеске арналған ІТ шешімдер, кірпіш қалау, мобильді робототехника, мехатроника, шаштараз және т.б. бар.

Республикалық чемпионаттың жеңімпаздары келесі жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Францияда өтетін «WorldSkills Lyon 2024» халықаралық чемпионатына жолдама алады. 

Бұдан басқа, WorldSkills қозғалысы жұмысшы мамандықтарының беделі мен танымалдылығын арттыруға, сондай-ақ білікті мамандарды даярлау саласына жаңа стандарттарды енгізуге бағытталған. Бүгінде ұйымның қызметіне 80 мемлекет қатысуда.

Атап өтейік, биыл қыркүйек айында Қазақстан ұлттық құрамасы WorldSkills Еуропа чемпионатына қатысу тарихында ең жақсы нәтиже көрсетіп, екі медаль мен төрт «Үздік медальон» жеңіп алды.

-->