Астанада кәсіби білім беруді жаңғырту мәселесі талқыланды
Астанада кәсіби білім беруді жаңғырту мәселесі талқыланды
Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының көшбасшылық әлеуетін арттыру және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында өткізілді.
Қатысушылар ТжКБ даму стратегияларын талқылады және қол жеткізілген бірлескен нәтижелерге талдау жүргізді. Сондай-ақ, олар Астананың еңбек нарығы үшін мамандар даярлау мәселелерін шешуде пікір алмасып, идеяларымен бөлісті.
Ол сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы мамандарды даярлау екенін айтты.
Іс-шараға Оқу-ағарту министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері, бизнес-қоғамдастықтардың жетекші мамандары, колледж басшылары мен педагогтары қатысты.
Семинар-кеңестің қорытындысында Астананың әлеуметтік дамуына және қоғамның сұраныстарына сәйкес ТжКБ саласын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар қабылданды.
-->Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары басшыларының көшбасшылық әлеуетін арттыру және жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестікті нығайту мақсатында өткізілді.
Қатысушылар ТжКБ даму стратегияларын талқылады және қол жеткізілген бірлескен нәтижелерге талдау жүргізді. Сондай-ақ, олар Астананың еңбек нарығы үшін мамандар даярлау мәселелерін шешуде пікір алмасып, идеяларымен бөлісті.
Соңғы уақытта өндіріс қызметкерлеріне жоғары талаптар қойылатынын бәріміз білеміз, өйткені еңбек нарығы үнемі өзгеріп, жетілдіріліп отырады.
Сондықтан жұмыс берушілер тарапынан кадрлар даярлауға жоғары талаптар қойылады. Бүгін «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасымен, Оқу-ағарту министрлігімен және қала колледждерінің басшыларымен бірлесіп, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың түйткілді мәселелерін талқыладық. Түйткілді мәселелерге колледждердің білім беру бағдарламаларының сапасы және олардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестігі, колледждердегі өндірістік және оқу практикаларының сапасы мәселелері де жатады. Әріптестер білім беру секторына назар аудару қажет екенін айтып, білім беру мекемелерінің алдына бірқатар міндеттер қойды, – деп атап өтті Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
Ол сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің мақсаты еңбек нарығында сұранысқа ие сапалы мамандарды даярлау екенін айтты.
Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері өзекті болып қала береді, өйткені жұмысшы кадрлары әрдайым сұранысқа ие. Сондықтан мықты мамандарды даярлау кезінде жұмыс берушілермен, яғни бизнес-қоғамдастықпен өзара іс-қимыл жасау қажет. Біздің кеңестің басты тақырыбы дуальды оқыту болып саналады, ол үшін біз бизнесті оқу процестеріне тартқымыз келеді. Нәтижесінде техникалық және кәсіптік оқытуды дамытуда жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп ойлаймын, – деді Қ.Сенғазыев.