Астанада халықаралық компьютерлік жобалар байқауы басталды
Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан «INFORMATICS-ASIA» халықаралық компьютерлік жобалар байқауына 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысады, деп хабарлады Elorda.info.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, байқаудың негізгі мақсаты:
IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;
IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;
Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.
Жарыс ағылшын тілінде жүргізіледі және алты бағыт бойынша өтеді: Робототехника - FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.
Айта кетейік, аталмыш білім бәйгесі Қазақстанда 10 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде іс-шараға 20 мемлекеттен 5000-ға жуық оқушы қатысты. Жарыстан үздік шыққан жүлдегерлер еліміздің және әлемнің беделді ЖОО гранттарына ие болып, қазіргі таңда мемлекетіміздің әр саласында видеограф, дизайнер, программист сияқты жұмыстар атқарып келеді.
Байқау 18 желтоқсан күні қорытындыланады.
Ал жарысты Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.