Астанада 97 мың оқушы ыстық тамақпен қамтылған
Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлады Elorda.info.
Елордадағы мектептер 100 пайыз асханамен қамтамасыз етілген. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, елордалық мектеп асханаларына 13 тасымалдаушы қызмет етеді.
Ал Астана қаласы әкімі орынбасары Есет Байкен бұл мәселе қала әкімдігінің үнемі назарында екенін атап өтті.
-->Елордадағы мектептер 100 пайыз асханамен қамтамасыз етілген. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиевтің айтуынша, елордалық мектеп асханаларына 13 тасымалдаушы қызмет етеді.
Астанадағы барлық мектептер типтік жобада салынған. Сондықтан барлық мектепте асхана бар. Қазір бір реттік ыстық тағаммен 97 мың оқушы қамтылған. Оның 91 мыңы - бастауыш сынып балалары. 60 мыңнан астам бала әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардан шыққан. Қала мектептері асханаларына 13 тасымалдаушы мекеме қызмет етеді, - деді ол.
Ал Астана қаласы әкімі орынбасары Есет Байкен бұл мәселе қала әкімдігінің үнемі назарында екенін атап өтті.