Астанада 7, 8-сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтіп жатыр
«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 26-28 сәуір аралығында химия және биология пәндері бойынша 7, 8-сыныптар арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру.
Бүгінгі таңда мектеп оқушылары арасында химия-биологиялық бағыттағы пәндерге қызығушылық күннен-күнге артуда. Қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған ғылым, білім, кәсіби кемелдену әлеміндегі мәселелерді шешу үшін жас дарындарды қолдау қажет. Осындай қолдауды екінші жыл қатарынан қайырымдылық қызметімен танымал, олимпиаданың бас демеушісі – әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы Exxon Mobil көрсетіп келеді. Exxon Mobil компаниясы олимпиадаға қатысу ғылымның қызықты және орасан зор әлеміне енудің тамаша мүмкіндігі екенін түсіне отырып, әлеуметтік және білім беру жобаларын белсенді түрде қолдайды.
Олимпиада 2 турдан тұрады:
І тур – теориялық;
ІІ тур – практикалық.
Олимпиадаға 7, 8-сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы бойынша жоғары рейтинг көрсеткен 171 оқушы қатысады. Биологиядан: 7-сыныптан – 45, 8-сыныптан – 43 оқушы; химиядан: 7-сыныптан – 39, 8- сыныптан – 44 оқушы).
Қатысушыларды тіркеу: 26 сәуір күні сағат 11.00-12.00-ге дейін «Думан» қонақ үйінде (Қорғалжың тас жолы, 2А)
Олимпиаданың өтетін уақыты:
І туры:
биология пәнінен - 26 сәуір, сағат: 14.30-16.30 («Думан» қонақ үйінде);
химия пәнінен - 26 сәуір, сағат: 16.30-18.30 («Думан» қонақ үйінде);
ІІ туры:
биология пәнінен - 27 сәуір, сағат: 10:00-12.30 (Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM SCHOOL мектеп–лицейінде);
химия пәнінен - 27 сәуір, сағат: 10:00-12.30 (Қаныш Сатпаев атындағы BINOM SCHOOL мектеп–лицейінде).
Марапаттау рәсімі 28 сәуірде «Думан» қонақ үйінде өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II және III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен, сондай-ақ Exxon Mobil демеуші компаниясы ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
-->«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 26-28 сәуір аралығында химия және биология пәндері бойынша 7, 8-сыныптар арасында республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтіп жатыр. Олимпиада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «ZERDE-LIDER» білім беру орталығымен бірлесе ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.