Білім

Астанада 22 мыңнан астам балаға тегін мектеп оқу құралдары беріледі

Астана қаласы бойынша жаңа оқу жылында бала саны болжаммен 255 мыңға жуық болады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл турлаы «Астанада «Мектепке жол» акциясы басталды» атты брифингте қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты. 

89e8687e-3989-483d-8282-f59ba19c24cc.jpg

Айта кетейік, бүгіннен бастап Астанада Жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы бойынша «Мектепке жол» акциясы басталды. 

Биыл Астана қаласы бойынша 22 700 балаға көмек көрсетіледі: 

- жалпыға міндетті білім беру бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар;

- атаулы әлеуметтік көмек  алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар; 

- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан және басқа санаттағы балалар; 

- қиын  жағдайға тап болған, оның ішінде мүгедек балалары бар жағдайы төмен отбасылар.  

Бірінші бағыт бойынша бюджет қаражаты есебінен 14 200 балаға көмек берілетін болады. Оны алу үшін ата-аналарға мектепке барып өтініш жазып, банкте арнайы шот ашуы қажет. Биыл жалпыға міндетті оқу қорынан көрсетілетін қаражаттың көлемі 41 мың теңгені құрайды. 

Екінші бағыт бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аудан әкімдіктерімен бірлесіп демеушілік қаражаты есебінен әлеуметтік осал санаттағы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарлануда. 

Материалдық көмекті ала алатын отбасыларға тқмендеіг санаттар жатады:

- көпбалалы отбасылар; 

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушылар. 

Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке растайтын құжаттарды ұсынуы керек. Қажетті құжаттар туралы ақпаратты мектептер ұсынады.

-->

Астана қаласы бойынша жаңа оқу жылында бала саны болжаммен 255 мыңға жуық болады. 1-сыныпқа 27 мыңнан астам бала барады деп күтілуде. Бүгінде оқушылардың орын тапшылығын жою мақсатында елордада 15 700 орынға арналған 11 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 мыңдай оқушыға арналған (2 ауысымда) 24 ірі мектепті жобалау басталды, - деді басқарма басшысы. 