Астанада 2027 жылға дейін 53 мектеп салу жоспарланған
Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін жаңадан ашылған №96 мектеп-гимназиясында 250-ге жуық бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.
Мектепте мамандандырылған пәндік кабинеттер, робототехника және STEM кабинеттері, инклюзияны қолдау кабинеттері, ЕДШ, кәсіптік дайындық кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 400 орындық асхана бар.
-->Бүгін жаңадан ашылған №96 мектеп-гимназиясында 250-ге жуық бірінші сынып оқушылары мектеп табалдырығын аттады.
Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектептеріне оралып отырған оқушыларды құттықтаймын. Мектептің бір ауысымда 1 200 оқушыны, екі ауысымда 2 400 оқушыны қабылдайтын жобалық қуаты бар. Оқыту екі тілде жүргізіледі. Мұнда инклюзивті білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған, - деді мәслихат төрағасы.
Мектепте мамандандырылған пәндік кабинеттер, робототехника және STEM кабинеттері, инклюзияны қолдау кабинеттері, ЕДШ, кәсіптік дайындық кабинеттері, оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, 400 орындық асхана бар.
AMANAT партиясы елордалық филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасы аясында 2027 жылға дейін 53 мектеп салуды қарастырған. Оның 11-і биыл салынады. Олар әлеуметтік нысандардың қажеттіліктерін ескере отырып, қаланың барлық аудандарында орналасқан. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды, оның шеңберінде 2025 жылға дейін елордада 90 000-ға жуық оқушы орнына 24 мектеп салу жоспарланған, - деп жазды Е.Каналимов.