Білім

1-сынып бүлдіршіндері даярлық курстарынан өтеді

Астанада мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып бүлдіршіндері даярлық курстарынан өтеді, деп хабарлады Elorda.info

Бұл жаңалық елодадағы мемлекеттік білім беру мекемелеріне ғана қатысты.   

«Балақайлар мектебі» атты қысқа мерзімді даярлық курстары осы жылдың 1-25 тамыз аралығында өткізіледі.  

Астана қаласының Әдістемелік орталығы ұлттық құндылықтарға негізделген «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлықтың қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар» мен оқу жоспарын әзірлеп, білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетіп отыр.

Айта кетейік, орталық әдіскерлері дайындық курстарының педагогтеріне дайындықты жүргізу әдістемесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

-->