Білім

Астана мектептерінде ата-аналарды қолдау орталығы ашылады

Елордадағы білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылынан бастап «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда қаладағы №№ 25, 59, 62, 88, 94 мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылып үлгерген.

Ал №№ 2, 11, 15, 87 мектепте ата-аналарды қолдау аумақтары жабдықталған.

Орталықтың міндеттері:

- ата-аналарға ұлттық құндылықтар негізінде жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;

- Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;

- позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік әріптестердің күш-жігерін біріктіру.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары дүйсенбі-жұма күндері күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет көрсететін болады.

-->

Қазіргі таңда қаладағы №№ 25, 59, 62, 88, 94 мектепте ата-аналарды педагогикалық қолдау кабинеттері ашылып үлгерген.

Ал №№ 2, 11, 15, 87 мектепте ата-аналарды қолдау аумақтары жабдықталған.

Сондай-ақ басқа білім білім беру ұйымдарында осындай кабинеттер мен аумақтар дайындалып, алдағы уақытта барлық білім беру ұйымдарында іске қосу жоспарланып отыр. Орталықтарды ашудағы басты мақсат – қазақстандық балалардың әл-ауқатын позитивті ата-ана болу мәдениетін дамыту арқылы қамтамасыз ету,- делінген әкімдік таратқан ақпаратта. 

Орталықтың міндеттері:

- ата-аналарға ұлттық құндылықтар негізінде жүйелі психологиялық-педагогикалық білім беруді ұйымдастыру;

- Қазақстанның бақытты және табысты азаматтарын тәрбиелеу бойынша ата-аналардың құзыреттерін дамыту;

- позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік әріптестердің күш-жігерін біріктіру.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарының мақсат, міндеттерін анықтау, жұмыс ретін пысықтау мақстанда «Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық білім берудің ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша 351 педагог курстан өтті, оның ішінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 57, әлеуметтік педагог – 47, педагог-психолог – 85, тәлімгер – 20, сынып жетекшілер – 145.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары дүйсенбі-жұма күндері күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейінгі аралықта қызмет көрсететін болады.