Білім

Астана әкімінің білім гранты иегерлерінің тізімі шықты

Астана қаласы әкімдігінің 19.06.2023 жылғы №107-1221 қаулысымен 2023-2027 оқу жылдарына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша (дене шынықтыру, шет тілі, география, тарих, педагогика және психология, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология мұғалімдері), гуманитарлық пәндер бойынша (исламтану, дінтану, теология), медициналық (резидентура) бөліп келеді.

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл жинаған талапкерлер, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Қазіргі уақытта Астана қаласы әкімдігінің, Астана қаласы Білім басқармасының сайттарында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 маусымдағы №107-1221, «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №107-1243 қаулылары жарияланды.

ЖАО мемлекеттік грантын беру туралы

Қосымша 1, 2

-->