Ғани Бейсембаев: магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық деңгейге жетті
Министр Ғани Бейсембаев магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық 27,9 мыңға жеткенін айтты, деп хабарлайды Elorda.info.kz.
Министр өз сөзінде педагогикалық мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттардың жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, биыл 48 мыңға жуық түлек педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарын тәмамдағанын айта келе педагогтердің сапасына да тоқталды.
Министрдің айтуынша, соңғы жылдары зерттеу жұмыстарымен айналысатын педагогтердің үлесі 1,6 есеге өсіп, магистр дәрежесі бар мұғалімдердің саны рекордтық 27,9 мыңға жеткен.