Білім

Алматыда түрік білім, ғылым және мәдениет орталығы ашылды

Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде (АГЭУ) Дюзджe университетінің Түрік білім, ғылым және мәдениет орталығының ресми салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Дюздже университетінің ректоры, профессор, доктор Недим Сербия, сондай-ақ Түркия Республикасының Консулы Рэйзан Ажар қатысты. 

Орталық Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайту үшін жаңа көкжиектерді ашу негізінде құрылды.