«Ақындар айтысы» сайысына 400 мың ақын қатысты
Еліміздегі мектеп оқушылары арасында «Ақындар айтысы» республикалық байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шараны «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде жас суырып салма ақындардың «Ақындар айтысы» ақтық сайыстары өтті.
Мұндағы мақсат – рухани-адамгершілік, эстетикалық және ұлттық тұрғыдан дамудың, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру.
-->Еліміздегі мектеп оқушылары арасында «Ақындар айтысы» республикалық байқауы өтті, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл іс-шараны «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Республиканың әр елді мекеніндегі барлық мектептерде, мектептен тыс ұйымдарда және колледждерде жас суырып салма ақындардың «Ақындар айтысы» ақтық сайыстары өтті.
Бұл іс-шарада 400 мыңнан астам оқушы түрлі жанрда бақ сынасты. Байқаулар «Бәдік», «Жар-жар», «Жұмбақ айтысы», «Қыз бен жігіт айтысы», сондай-ақ «Жануар мен адамның айтысы» мәнерінде өтті, - деді РҚБОӘО-ның директоры Раиса Шер.