Білім

4 мың талапкер бос білім гранттарының иегері атанады

Ғылым және жоғары білім министрлігі жазғы қабылдау науқанының қорытындысы бойынша конкурстық тағайындаудан кейін бос қалған гранттарды тағайындау жұмыстарын аяқтады, деп хабарлады Elorda.info министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гарнттарды бөлу жөніндегі Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді. 

Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады. 

Грант  иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және  https://t.me/gylym_jogary_bilim телеграм-каналында жарияланады. 

Ал, грант сертификаттарын certificate.testcenter.kz сілтемесі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.

-->