Білім

34 мектептің жөндеу жұмыстары созылып кетті: Олжас Бектенов әкімдерге аяқтауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-министр еліміздің мектептерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бірқатар өңірде 34 мектеп бойынша жұмыс қарқыны баяу екені айтылды. Бұлар – Алматы қаласы, Абай, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстары.

«Аталған өңір әкімдері жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуын тікелей бақылауына алсын. Сонымен қатар физика, химия, биология, робототехника сияқты арнаулы кабинеттерді дер кезінде сатып алу да өзекті мәселе. Қыркүйек айына дейін кемінде 200 пәндік кабинетті жабдықтау қажет», -деп атап өтті Олжас Бектенов.