Елордада қолөнерден шеберлік сыныптары өтіп жатыр
Астанада «Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі заманауи тенденциялар» атты еңбек мұғалімдеріне арналған халықаралық педагогикалық конференция басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл халықаралық конференция елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінгі салтанатты жиынды Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Мұратқызы мен Қазақ технология және бизнес университетінің президенті-ректоры Сейітқасым Ниязбекұлы ашты.
Екі күнге созылатын конференцияға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Ресейден сарапшылар жиналды. Олар қазіргі кездегі білім берудегі заманауи тенденцияларды талқылайды.
Конференция барысында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің тіккен киім топтамалары жұртшылық назарына ұсынылды. Мұнда жиналған қонақтар қылқалам шеберлерінің жұмыстарын тамашалады.Сондай-ақ «Әжелердің ізімен» атты шеберлік сабағында жүн сабау, жүн түту, ұршық иіру, бұйым тоқу әдістері көрсетілді.
Іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық, республика бойынша білім беру ұйымдарының мұғалімдері және елордадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.
Конференцияның басты мақсаты – педагогтердің әлеуетін білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау және тәжірибе алмасу.
Сондай-ақ жиын барысында қонақтар сән көрсетілімдерін тамашалайды. Ғылыми-тәжірибелік секциялар аясында шеберлік сабақтары, көрмелер өтеді. Ал сарапшылар көркем еңбек саласындағы соңғы зерттеулердің нәтижелерін бөліседі, тәрбие мен білім берудегі соңғы педагогикалық тәсілдерді таныстырады және тәжірибе алмасады.
Айта кетейік, конференцияны Әдістемелік орталық пен Қазақ технология және бизнес университеті ұйымдастырды.
Сабина КӘКІМЖАН
-->Астанада «Орта білім беруді дамыту жағдайындағы білім берудегі заманауи тенденциялар» атты еңбек мұғалімдеріне арналған халықаралық педагогикалық конференция басталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл халықаралық конференция елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бүгінгі салтанатты жиынды Астана қаласы әкімдігі Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Мұратқызы мен Қазақ технология және бизнес университетінің президенті-ректоры Сейітқасым Ниязбекұлы ашты.
Екі күнге созылатын конференцияға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Башқұртстан, Өзбекстан, Ресейден сарапшылар жиналды. Олар қазіргі кездегі білім берудегі заманауи тенденцияларды талқылайды.
Конференция барысында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің тіккен киім топтамалары жұртшылық назарына ұсынылды. Мұнда жиналған қонақтар қылқалам шеберлерінің жұмыстарын тамашалады.Сондай-ақ «Әжелердің ізімен» атты шеберлік сабағында жүн сабау, жүн түту, ұршық иіру, бұйым тоқу әдістері көрсетілді.
Мектебімізде «Әжелердің ізімен» атты шеберлік сабақтары өткізіп тұрады. Мақсатымыз – жүнді сабау, ұршық иіру, киіз басу – жалпы табиғи экологиялық таза өнімдерден денсаулыққа пайдалы заттарды, бұйымдарды қолдан жасауды үйрену. Оқушыларымыз бос уақытында қолөнермен айналысып, сырмақ, текемет тоқиды. Сондай-ақ заманауи стильде бас киімдер тігуді үйренеді, - деді Астана қаласы №86 Мұхтар Әуезов атындағы мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Іс-шараға Астана қаласының Білім басқармасы, Әдістемелік орталық, республика бойынша білім беру ұйымдарының мұғалімдері және елордадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысып жатыр.
Бүгінгі халықаралық конференция жоғары деңгейде өтеді деген ойдамыз. Әр ұлттың өз салт-дәстүріне байланысты өнері бар. Соларды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру – біздің басты міндетіміз. Конференция жұмысына сәттілік тілеймін, - деді Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова.
Конференцияның басты мақсаты – педагогтердің әлеуетін білім алушыларды кешенді дамытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындау және тәжірибе алмасу.
Бүгінгі конференцияға онлайн режимде Түркия елінен қатысушылар қосылады. Бастысы, бұл жыл сайын өтетін дәстүрлі конференция болуын тілеймін. Сондай-ақ оған қатысатын қонақтар көп болсын, - деді Қазақ технология және бизнес университетінің президенті-ректоры Сейітқасым Байбеков.