Білім

900-ден астам оқушы республикалық олимпиадада бақ сынайды

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл – математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша 9-11, (12) сынып оқушылары арасында өтетін дәстүрлі зияткерлік сайысы.

«1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілген олимпиаданың мектептік кезеңіне 282 090 оқушы, аудандық кезеңіне 82 854, облыстық кезеңінде 15 651 оқушы қатысып, үздіктер іріктелді. Республикалық кезеңде Қазақстанның барлық өңірінен келген 900-ден аса оқушы өзара сынға түседі, оның ішінде 88-і – олимпиадалық резерв мүшелері.

Айта кетейік, бес күнге созылатын интеллектуалдық дода классикалық форматта өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтап, марапаттау рәсімі 25 наурызға жоспарланған.

-->