Білім

Ғылымды дамыту ма, әлде шетелді жарылқау ма

Жыл сайын елімізде жүздеген PhD докторанты оқу бітіргенімен, Scopus немесе Web of Science деректер базасына кіретін халықаралық журналдарға мақала жариялау талабының кесірінен жас ғалымдардың едәуір бөлігі қорғауға шыға алмай жүр. Бұл туралы елордадағы жоғары оқу орындарының бір топ оқытушысы мен докторанттары айтып отыр, деп жазады Elorda.info тілшісі.

Жақында осы мәселеге қатысты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрілігінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №7 бұйрығы шықты. Онда қазақ тілі мен әдебиетіне, қазақ филологиясына, Қазақстан тарихына, қазақ философиясына қатысты білім беру бағдарламалары бойынша оқитын докторанттары үшін Scopus (Скопус) деректер базасындағы журналдарға мақала жариялау міндетті емес деп жазылған.

Сол сияқты ғалымдар журналистика, саясаттану, философия сияқты бірқатар гуманитарлық салалардың жас ғалымдарын да мұндай міндеттемеден босатқаны жөн деп санайды.

Оның айтуынша, толықтырулар мен өзгертулер енгізілген жаңартылған талаптың кемшін тұстары да бар.

Сондай-ақ, ғалым отандық ғылымды ілгерілетудің ең өзекті мәселесіне де тоқталды.

Осы орайда Гүлмира Әшірбекова бұл өзгертуді қайта қараған жөн деп есептейді.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты Зәуреш Қойгелдиева Scopus-қа мақала жариялау талабы өте қиын екенін айтады.

Ғалымдардың базынасын негізге алып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдадық. Ведомство берген мәліметке сүйенсек, халықаралық ғылым дерекқорындағы журналдардың едәуір бөлігі әлеуметтік-гуманитарлық салаларға арналған. Сондай-ақ, олардың көпшілігі мақалаларды тегін жариялайды.

Елімізде жас ғалымдардың саны артқан. Соңғы 3 жылда докторанттардың үлесі 42 пайыз болды.

Оның ішінде тек 187-сі  ақылы негізде шығарылады. Бұл – 18,3%-ды құрайды.

Ведомствоның ресми жауабы осындай. Еліміздің ғылыми қауымдастығының уәжіне тұщымды жауап, кесімді түйін ести алмағанымызды мойындау керек. Бұл бағытта министрлік әлі де терең талдау жұмыстарын жүргізіп, мәселенің мәнісіне бармаса, түйткілдің түйіні жуық арада шешілер түрі көрінбейді.

Сабина КӘКІМЖАН

-->

Ғылым және жоғары білім министрлігі басқа ғылым салалары бойынша  докторанттарға диссертация қорғау үшін 4 балама ұсынып отыр. Олар: Web of Scienсe, Scopus базаларындағы ғылыми журналдарда 1 мақала немесе шолу (CiteScore процентилі 25-тен кем емес), сондай-ақ комитет бекіткен басылымдарға 3 мақала жариялау; Web of Scienсe базасындағы (JCR-дағы Q1)  басылымда немесе Scopus  базаларындағы (CiteScore процентилі 35-тен кем емес) ғылыми журналда 1 мақала; Web of Scienсe базасындағы (JCR-дағы Q1)  басылымда немесе Scopus  базаларындағы (CiteScore процентилі 35-тен кем емес) ғылыми журналда 1 мақала, 1 шолу; сенімді баспалардан шығатын монографияның бір тарауын жазу арқылы қорғай алады, - дейді Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Гүлмира Әшірбекова.

Оның айтуынша, толықтырулар мен өзгертулер енгізілген жаңартылған талаптың кемшін тұстары да бар.

Мәселен, «егер Web of Scienсe, Scopus  базасында журналды индекстеу тоқтатылса, онда үміткердің осы журналдағы индекстелуі тоқтаған жылғы және өткен жылғы жарияланымдары есепке алынбайды» делінген. Қарап отырсаңыз, докторант үш жылдың 1 жылын теориялық білімге, қалған екі жылын зерттеуге арнайды. Web of Scienсe, Scopus базасындағы ғылыми басылымдарға мақала жариялау үшін кем дегенде 2 жыл уақыт кетеді. Ал мақала жарық көргеннен кейін базада индекстелуінің өзі біраз мерзімде жүзеге асады, жарық көргеннен кейін аталған журнал тізімнен түсіп қалса, ізденушінің жылдар бойы жазған еңбегі жарамсыз деп танылады. Бұл ғылымға енді аяқ басып жатқан ізденушілердің үмітін үзіп, ғылымнан біржола қол үзуіне әкеліп соқпай ма? – деді филология ғылымдарының кандидаты Гүлмира Әшірбекова.

Сондай-ақ, ғалым отандық ғылымды ілгерілетудің ең өзекті мәселесіне де тоқталды.

Web of Scienсe, Scopus базасындағы күмәнді журналдарда мақала жариялау бойынша қазақстандық ғалымдар мен ізденішулер алдыңғы орынға шығып кеткенін жасыра алмаймыз. Оған басты себеп, аталған ғылыми базадағы журналдарға мақала дайындау үшін академиялық мақала жазу әдістерін меңгере алмауымызда. Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде докторанттарға «Академиялық жазба», «Ғылыми зерттеу әдістері» пәндерін шетелдік профессорлар ағылшын тілінде оқытып жатыр, - дейді доцент.

Осы орайда Гүлмира Әшірбекова бұл өзгертуді қайта қараған жөн деп есептейді.

Министрлік енгізген өзгерістер отандық ғылымның сапасын көтеруге бағытталған деп толық айта алмаймыз. Өйткені әлеуметтік ғылымдар да қазақ қоғамының мәселелерін зерттейді. Зерттеу тақырыптарының ішінде шетелдік журналдар қабылдамайтын тақырыптардың да болатынын жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан аталған өзгертуді қайта қараған дұрыс деп ойлаймын. Ең бастысы, академиялық жазбаны меңгеріп, зерттеу әдістерін дұрыс үйренбейінше, ғылымның сапасын көтере алмаймыз, - деп сөзін түйіндеді доцент.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің докторанты Зәуреш Қойгелдиева Scopus-қа мақала жариялау талабы өте қиын екенін айтады.

Себебі ел тарихы мен тұлғаларына, қазақ руханиятына қатысты тақырыптар әлемдік ғылым қауымдастығын қызықтырмайды. Оны мойындауымыз қажет. Бұл тек менің ғана емес, докторантураны бітірген барлық түлектің мәселесі. Мен мақалаларымды еуропалық журналдарға үш рет тегін жібердім. Ешқандай нәтиже болмады. Тіпті ақша төлеп те жариялауға тырысқан едім. Өкінішке қарай, екі рет алданып қалдым, - дейді жас ғалым.

Ғалымдардың базынасын негізге алып, Ғылым және жоғары білім министрлігіне сауал жолдадық. Ведомство берген мәліметке сүйенсек, халықаралық ғылым дерекқорындағы журналдардың едәуір бөлігі әлеуметтік-гуманитарлық салаларға арналған. Сондай-ақ, олардың көпшілігі мақалаларды тегін жариялайды.

«Scopus» базасына енгізілген журналдарды талдау барысында олардың ішінде ғылыми басылымдардың едәуір бөлігі философия, журналистика және саясаттану салаларына арналғанын көрсетті. Сонымен қатар, көп салалы журналдарда мақала жариялау тұрғысынан докторанттарға мүмкіндіктерді кеңейту жоспарлануда, - деп жазылған хабарламада.

Елімізде жас ғалымдардың саны артқан. Соңғы 3 жылда докторанттардың үлесі 42 пайыз болды.

«Scopus» базасында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша 1647 (оның ішінде философия - 444, саясаттану - 748 және журналистикада - 455) журнал, оның ішінде ашық қолжетімді немесе ақылы негіздегі журналдардың үлесі небәрі 27,2%-ды құрайды. Сонымен қатар, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша Web of Science дерекқорын да пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл дерекқорда барлығы 1020 (оның ішінде философия - 106, саясаттану - 55 және журналистикада - 26) журнал атауы бар, - деп жазылған хабарламада.

Оның ішінде тек 187-сі  ақылы негізде шығарылады. Бұл – 18,3%-ды құрайды.

Осыған байланысты әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша білім беру бағдарламалары аясында оқитын докторанттарға халықаралық рецензияланатын журналдарда мақала жариялау бойынша талапты алып тастауды орынсыз деп санаймыз, - деп жазылған министрліктің жауабында.