250 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарына оқуға түсуге ұсынылды
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Комиссия шешімімен 250 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды. «Stipendium Нungaricum» стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуіне 900-ге жуық үміткер қатысты.
Мажарстан тарапынан «Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім қабылданады.
Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтарға «Stipendium Нungaricum» бағдарламасы арқылы Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуға білім беру гранттары жыл сайын ұсынылады. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
-->Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Комиссия шешімімен 250 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды. «Stipendium Нungaricum» стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуіне 900-ге жуық үміткер қатысты.
Қорытынды конкурстық комиссия үш критерийді бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлерді тізімге қосты: шет тілін меңгеру деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Конкурстық іріктеуде баллдар теңдігі болған жағдайда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының үміткерлеріне, атап айтқанда көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ ауылдық жерлерден үміткерлерге басымдық беріледі, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.