ЖОО-лар мемлекеттік басқару саласының мамандарын академиямен бірлесе даярлайды
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шараның ашулы салтанатында сөйлеген сөзінде елімізде мемлекеттік басқару саласы, HR қызметі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек екенін атап өтті.
Алдағы уақытта меморандум аясында ортақ зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу және қолданысқа енгізу, мемлекеттік басқару және HR саласы бойынша сарапшылар пулын құру жоспарланған.
Құжатқа қол қою рәсімінен кейін тараптар меморандум аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар бойынша дайындалған Жол картасын талқылады. Енді жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары мемлекеттік органдарда практикадан және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады.
-->Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен «Мемлекеттік басқару», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және «Адами ресурстарды басқару» бағыттары бойынша маман даярлайтын қазақстандық жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Шара барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ашық, әділ, қоғамның сұранысына сай қызмет көрсететін, заманауи талаптарға икемді мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып жатыр. Бүгінгі меморандум мемлекеттік қызметті басқаруды дамытуға, мемлекеттік қызмет саласын модернизациялауға, HR технологиялар мен құралдарды кеңінен қолдануға негіз болатынына сенімдімін, – деді Азамат Жолманов.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек шараның ашулы салтанатында сөйлеген сөзінде елімізде мемлекеттік басқару саласы, HR қызметі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілуі керек екенін атап өтті.
Қазіргі таңда елімізде 30-дан астам жоғары оқу орны мемлекеттік басқару саласы бойынша маман даярлайды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен және Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе отырып, білім бағдарламасын жаңартуымыз қажет. Мемлекеттік басқару жүйесін қайтадан зерттеуіміз керек. Себебі, цифрлық күш көп нәрсені өзгертіп жатыр. Ал мемлекеттік қызмет жаһандық өзгерістерге дайын болуы керек. Бірлескен жұмыстың аясында магистранттар мен докторанттар мемлекеттік қызмет жүйесі, HR қызметі бойынша қолданбалы зерттеулермен айналысатын болады, – деді министр.
Алдағы уақытта меморандум аясында ортақ зерттеулер жүргізу, білім беру бағдарламаларын бірлесе әзірлеу және қолданысқа енгізу, мемлекеттік басқару және HR саласы бойынша сарапшылар пулын құру жоспарланған.
Бүгін жоғары оқу орындарының ректорларымен және өкілдерімен кездесіп, кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру процесін кадрлық және эксперттік қамтамасыз ету бойынша маңызды мәселелерді талқыладық. Университеттердің әлеуетін біріктіру және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарын іске асыруға септігін тигізеді, – деді ҚРПрезидентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.