Білім

Ғалымдарымыз кәсіпкерлік принциптерін толық түсінбейді – Саясат Нұрбек

Бүгін Үкімет отырысында «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру» тақырыбында баяндама жасаған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елдегі ғылым жаңалықтарын бизнеске айналдыру түйткілдерін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info

Министрдің айтуынша, солардың бірі – елдегі ғылыми ортаның бизнеске бет бұра алмай отыруы. Ол соңғы жылдары жасалған сараптама нәтижесі елдегі ғалымдардың өндірістік-кәсіптік мәдениеті төмен екенін көрсеткенін айтады.

Министр бұдан былай Білім қоры бизнес-серіктестермен тығыз байланыс орнатып, оларды жиі-жиі шақырып тұруға, оларға ЖОО мен ғылыми зерттеу институттарының ғылыми жобаларын, жаңалықтарын таныстыруға бет бұрып отырғанын жеткізді.

-->

Өкінішке қарай, іргелі зерттеулермен айналысатын көптеген жоғары оқу орындарымыз, ғалымдарымыз, ғылыми зерттеу институттарымыз кәсіпкерлік принциптерін толық түсінбейді. Өз жобаларын, жаңалықтарын бизнеспен ұштастырып көрсете алмайды. Маркетинг, сату, қаржыландыру салалары бойынша сауаттылықтары төмен, - деді ведомство басшысы өз сөзінде. 