Білім

Ақиық ақын атын арқалаған білім ордасы

Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толды, деп хабарлады Elorda.info.

Мұқағали Мақатаев – жалынды жырлары арқылы қалың қазақтың ыстық ықылас-махаббатына бөленген бақытты ақындардың бірі. Өйткені оның өлеңдерін жас баладан еңкейген кәріге дейін сүйіп оқиды.

Қаламгер небәрі 45 жасында келместің кемесіне мініп, бақиға аттанған еді. Бірақ та әр шығармасына қазақтың тағдырын арқау етіп, жыр өлкесінде өзінің өшпес есімін қалдырды.

Былтыр жыл басында ақын есімі елордадағы №74 мектеп-гимназиясына берілген еді. Редакциямыздың «Елорда мектептері» жобасы бүгін сол білім ошағында жалғасын таппақ.

Ақынның туған күніне байланысты бүгін мектепте ерекше қарбалас. Ол түсінікті де. Ақын атын иемденген тәлім ұясы бұл атаулы датаға айрықша көңіл бөліп, ыждағатпен дайындалатыны белгілі. Бір аптаға жоспарланған іс-шаралардың шет-жағасын мектеп директоры Еркінжан Бөкейхан хабарлады.

Ары қарай мектептің сәнін кіргізіп, маңызын арттырып тұрған ақын атындағы музеймен танысуға асықтық.

Мектеп ашылған сәттен бастап мұнда «Мұқағали әлеміне саяхат» атты ғылыми-шығармашылық орталық жұмыс істеп келеді. Музей типтес орталықта ақынның шығармашылығы мен өмірін әспеттейтін туындыларын заманауи технологиялар көмегімен тамашалауға болады.

Мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжан Байбақы бірінші қабатта орналасқан музей-орталықты көрсетіп, ішіндегі құнды дүниелермен таныстырды. Үш бөлімнен тұратын орталықта ақынның өзі ұстаған, тұтынған дүниелері немесе киімдері әзірге жоқ, тек ең басты құндылық – өз қолымен жазған қолжазбасының көшірмелері бар екен. Оны орталық ашылғанда ақынның ұлы Жұлдыз бен келіні Бақыткүл Алматыдағы ақын мұражайынан әкеп берген.

«Қазақ поэзиясының хан Тәңірі» деп аталатын бірінші бөлігінде М әрпі секілді жасалған сөрелерде ақынның соңғы дизайнмен шыққан 50 шақты кітап жинақтары қойылыпты. Бұл кітаптарды Жұлдыз Мұқағалиұлы басқаратын «Мұқағали» қоры және кәсіпкер Үлкенбай Ғалым тарту еткен. Екінші бөлімі – ақын өмір сүрген жылдарда мәтін терген жазу машинасы мен үстел, орындық қойылған бұрыш. Өткен дәуірге барғандай әсер қалдыратын орынды мектеп ұстаздары «Шабыт» бұрышы деп атайды. Үшінші бөлігі – ақынның бүкіл өмір жолы, естелік суреттері, ұрпақтарының фотолары ілінген арнайы стендтен тұрады.

Одан әрі қабырғадағы ноталар бейнеленген стендте ақынның сөзіне жазылған 20-дан астам әнді де тура солай сканерлеп тыңдай аласыз. Сонымен қатар Ardis қосымшасын жүктеп алу арқылы ақынның 3D суретін үлкен көлемде көруге болады. Осы қосымшамен оның ұрпақтары тұрған суреттің қасындағы кодты басу арқылы отбасылық бейнероликті де толық тамашалау мүмкіндігі бар. Белгілі суретші Алмас Сырғабаев сыйға берген ақынның портреттері де, өзге өңірлердегі М.Мақатаев атындағы мектептер тарту еткен кілем портреттері де осында тұр. Мектеп ұжымы ақын шығармашылығына арналып өткен жүлдегер оқушылардың марапат дипломдарын осында қоюды жөн санаған. Оқу орны «Мұқағали» журналына тұрақты түрде жазылады, сондықтан оның әрбір санын осы жерден табасыз. А.Байбақының айтуынша, енді ақынның ескі дизайнмен шыққан байырғы кітаптарын да көпшіліктен сұратып, жинау арқылы арнайы кітап сөрелерін жасау көзделіп отыр.

Сабина КӘКІМЖАН

Райхан РАХМЕТОВА

-->

Мұқағали Мақатаевттың туған күніне орай бүгін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ғалым, мұқағалитанушы Амангелді Кеңшілікұлымен «Мәңгілік сәулесі» тақырыбындағы әдеби-танымдық кездесу өтеді. Мұнда ақынның шығармашылығынан өлеңдер оқылады. Сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Білім – шамшырағың сенің күнде, жанып ап жаңылдырмас жеті түнде» тақырыбындағы апталық өтіп жатыр. 6 ақпанда басталған апталық 10-на дейін жалғасады, - деді Еркінжан Бөкейхан.

Ары қарай мектептің сәнін кіргізіп, маңызын арттырып тұрған ақын атындағы музеймен танысуға асықтық.

Мектеп ашылған сәттен бастап мұнда «Мұқағали әлеміне саяхат» атты ғылыми-шығармашылық орталық жұмыс істеп келеді. Музей типтес орталықта ақынның шығармашылығы мен өмірін әспеттейтін туындыларын заманауи технологиялар көмегімен тамашалауға болады.

Мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айтжан Байбақы бірінші қабатта орналасқан музей-орталықты көрсетіп, ішіндегі құнды дүниелермен таныстырды. Үш бөлімнен тұратын орталықта ақынның өзі ұстаған, тұтынған дүниелері немесе киімдері әзірге жоқ, тек ең басты құндылық – өз қолымен жазған қолжазбасының көшірмелері бар екен. Оны орталық ашылғанда ақынның ұлы Жұлдыз бен келіні Бақыткүл Алматыдағы ақын мұражайынан әкеп берген.

«Қазақ поэзиясының хан Тәңірі» деп аталатын бірінші бөлігінде М әрпі секілді жасалған сөрелерде ақынның соңғы дизайнмен шыққан 50 шақты кітап жинақтары қойылыпты. Бұл кітаптарды Жұлдыз Мұқағалиұлы басқаратын «Мұқағали» қоры және кәсіпкер Үлкенбай Ғалым тарту еткен. Екінші бөлімі – ақын өмір сүрген жылдарда мәтін терген жазу машинасы мен үстел, орындық қойылған бұрыш. Өткен дәуірге барғандай әсер қалдыратын орынды мектеп ұстаздары «Шабыт» бұрышы деп атайды. Үшінші бөлігі – ақынның бүкіл өмір жолы, естелік суреттері, ұрпақтарының фотолары ілінген арнайы стендтен тұрады.

Мұнда ақынның әр суретінің қасында тұрған QR кодты ұялы телефонмен сканерлеу арқылы Мұқағали Мақатаевтың өз даусымен жазылған және өзге де дикторлар оқыған 30-дан астам аудио өлеңін тыңдауға болады. Бұл – қазіргі технология дамыған дәуірде жастарды ақын шығармашылығына бойлатудың кең қолданыла бастаған жаңа әдісі. Біздің орталыққа келген оқушыларды да, ұстаздар, тіпті ата-аналарды да осы QR код арқылы ақынның даусын тыңдайтын жері қатты қызықтырады, - дейді А.Байбақы.