Асхат Аймағамбетов Астанадағы университетте оқытушы болмақ
Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда, деп хабарлады Elorda.info.
Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен.
-->Бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы беделді ЖОО-ның бірінде ұстаздық етуді жоспарлауда, деп хабарлады Elorda.info.
Қазір уақытымды балаларыммен өткізіп жатырмын. Олардың тәрбиесіне мән беріп, балабақша, мектепке алып барып, әкелумен айналысып жүрмін. Жуырда Астана қаласындағы ірі әрі сапалы білім беретін университеттердің бірі ұсыныс білдірді. Біраз тәжірибеңіз бар, студенттермен бөліссеңіз деді. Өзім педагог, оқытушы болғаннан кейін маған ол жақын. Қарапайым оқытушы болып, студенттермен жұмыс істеу деген ұсынысты қабылдадым. Қазір құжаттармен яғни оқу бағдарламасымен айналысып жатырмын, - деді Асхат Аймағамбетов тілші Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында.
Экс-министрдің айтуынша, оқытушы болудан басқа да ұсыныстар түскен.