Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған білім ордалары
Елорда мектептерінде оқушыларға қандай жағдай жасалған? Білім ордалары бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Бас қаланың оқу ошақтары оқушыларды қалай тәрбиелеп жатыр? Elorda.info редакциясы осы сауалдардың жауабын білу мақсатында «Елорда мектептері» атты жаңа жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында сайт тілшісі қала мектептерінің жай-күйімен танысып, әр білім шаңырағының өзіндік ерекшелігін шынайы көрсетуге тырысады. Бұл жолғы шығарылымда бас шаһардағы ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мектептерге арнауды жөн көрдік. Сондай білім ұяларының бірі – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы мектепке бас сұқтық.
Әр шәкірті Абай өлеңін жатқа оқитын мектеп
Елордадағы А.Иманов пен Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия 2019 жылы 1 қыркүйек күні ашылған. Мектеп директоры Айгүл Қашаеваның айтуынша, мектептің ұстанымы Абайдың әдеби-мұрасымен сабақтасқан: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Ұстаз бен шәкірттің бойынан және тұтас білімнен көрініс табуға тиіс кемеңгер айтқан осынау бес жақсы іс мектеп құндылығына айналған. Осында білім алатын әр оқушының бойына Абайдың «Толық адам» концепциясын сіңіретін көрінеді.
Бір байқағанымыз, Абай мектебі болғандықтан кез келген жерден ұлы ақынның түрлі нақыл сөздерін кездестіруге болады. Бастысы, жазылған әрбір сөздің тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Бірінші қабатта «Абай» мұражайы орналасқан. Бұған келген әрбір адам бала Абайдан бастап хәкім Абайқа дейінгі кезеңді көре алады.
Музейдің есігі әрдайым айқара ашық. Біз үшін оқушыларымыздың бос уақытында осында келіп, қажетті мағлұматтар алғаны маңызды, - деді мектеп басшысы.
Сондай-ақ, оқушылар қоңырау кезінде шахмат, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарды ойнаумен уақыт өткізеді.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Абай нұры» атты мектепішілік мәдени-танымдық ақпараттық газет шығып тұратын көрінеді. Негізінен мектеп оқушыларының шығармашылығынан тұратын үнқағаздың сапасы анау-мынау басылымдардан кем емес.
Мұндағы әр бұрыш, әр зат Абай атымен байланысты. Заманауи стильде жасақталған «Абай» кітапханасында қазіргі кезде әзірге 1600-ге жуық кітап қоры бар. Кітапхана сөрелері ай сайын жаңа кітаптармен толығып тұрады.
Сонымен қоса, мектептің жеке телестудиясы бар. Мұнда 2021 жылы күллі әлемге таралған індет кезінде онлайн сабақтар түсірсе, ал қазіргі уақытта мұғалімдер мен оқушылар түрлі танымдық бағдарлама түсірумен айналысады. Аптасына бір рет оқушылар «Тағылым», Тұлғатану» атты бағдарламаларды түсіреді. Дәл осы студияда жазушы Роза Мұқанова, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев және т.б. қонақта болып, сұхбат берген.
Былтыр Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 1000 бала Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін бір мезетте айтудан хор ұйымдастырдық. Бұл мектепшілік жоба болды. Енді биыл осы жобаны қалалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді білім ордасының басшысы.
Өлең оқу демекші, мұндағы кез келген сыныпқа бас сұғып, кез келген оқушыдан сұрасаңыз болды, Абай өлеңдерін жатқа соғады. Осы қалайы жоқ, бәрі шетінен тақылдап тұр. Шәкірттердің ұлы ақын мұрасын жас күнінен бойына сіңіріп өсіп келе жатқанына сүйсінесің.
Сонымен қатар білім ордасында «Абай әлемі» театры, «Абай» оркестрі, «Зере» әжелер, «Құнанбай» әкелер мектептері бар. Осы арқылы Абай болмысын оқушыларға сан түрлі бағыт арқылы түсіндіреді.
Рухани тәлім-тәрбие ошағы
Қаладағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия да ұлттық тәрбиені дәріптеп, рухани тәрім-тәрбиеге басымдық беретін білім ұясы.
Мектептің табалдырығын аттағаннан-ақ мұнда ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай ерекше қастерлейтіні сезіледі. Бұған қазіргі мектеп басшысы да аз еңбек сіңірмегенін аңғардық.
Мектеп директоры химия ғылымдары бойынша PhD докторы Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, білім ордасы ашылған сәтінен-ақ ұлттық бағытта жұмыс істеуді басты мақсат етіп қойған.
Білім ордасында Ербол Іргебай атындағы кабинет, «Абай» кітапханасы, «Мағжан» дәріс залы, «Алаш» тарих кабинеті, «Мұхтар» мәжіліс залы, «Қайым» мұражайы, «Шоқыр» спорт залы бар.
Мектептің ұлттық стилі Домбыра кабинетінен-ақ бірден көзге түседі. Қазіргі кезде ата-ана, оқушы және мұғалімдерден тұратын барлығы 90 адамдық оркестр жасақталып жатқан көрінеді. Оркестрде 60 домбырадан өзге жетіген, сазсырнай, сыбызғы секілді басқа ұлттық музыкалық аспаптар бар.
Бір ерекше атап өтерлігі, әр қабырғада оқушының жасына қарай тәрбиелік мәні зор суреттер бейнеленген. «Мұның бәрі оқушының бойына ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіруге үлкен ықпал етеді», - дейді директор.
Тұлғалар дәлізінде Абай, Ыбырай, Шоқан, Мәшһүр Жүсіп және Алаш қайраткерлерінің бейнесін көре аласыз.
Мақсат – мектепті тек ұлттық нақышта безендіріп, сәндеп қою емес, осындай орта қалыптастыру арқылы шәкірттердің бойында тал-шыбық кезінен халықтық тәрбие мен рухты қалыптастыру екенін айтады директор.
Сабина КӘКІМЖАН
-->Елорда мектептерінде оқушыларға қандай жағдай жасалған? Білім ордалары бір-бірінен несімен ерекшеленеді? Бас қаланың оқу ошақтары оқушыларды қалай тәрбиелеп жатыр? Elorda.info редакциясы осы сауалдардың жауабын білу мақсатында «Елорда мектептері» атты жаңа жобаны қолға алып отыр. Жоба аясында сайт тілшісі қала мектептерінің жай-күйімен танысып, әр білім шаңырағының өзіндік ерекшелігін шынайы көрсетуге тырысады. Бұл жолғы шығарылымда бас шаһардағы ұлттық құндылықтарды ұлықтаған мектептерге арнауды жөн көрдік. Сондай білім ұяларының бірі – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы атындағы мектепке бас сұқтық.
Әр шәкірті Абай өлеңін жатқа оқитын мектеп
Елордадағы А.Иманов пен Е.Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия 2019 жылы 1 қыркүйек күні ашылған. Мектеп директоры Айгүл Қашаеваның айтуынша, мектептің ұстанымы Абайдың әдеби-мұрасымен сабақтасқан: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Ұстаз бен шәкірттің бойынан және тұтас білімнен көрініс табуға тиіс кемеңгер айтқан осынау бес жақсы іс мектеп құндылығына айналған. Осында білім алатын әр оқушының бойына Абайдың «Толық адам» концепциясын сіңіретін көрінеді.
Бір байқағанымыз, Абай мектебі болғандықтан кез келген жерден ұлы ақынның түрлі нақыл сөздерін кездестіруге болады. Бастысы, жазылған әрбір сөздің тәлім-тәрбиелік мәні зор.
Бірінші қабатта «Абай» мұражайы орналасқан. Бұған келген әрбір адам бала Абайдан бастап хәкім Абайқа дейінгі кезеңді көре алады.
Музейдің есігі әрдайым айқара ашық. Біз үшін оқушыларымыздың бос уақытында осында келіп, қажетті мағлұматтар алғаны маңызды, - деді мектеп басшысы.
Сондай-ақ, оқушылар қоңырау кезінде шахмат, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындарды ойнаумен уақыт өткізеді.
2020 жылдың қыркүйек айынан бастап «Абай нұры» атты мектепішілік мәдени-танымдық ақпараттық газет шығып тұратын көрінеді. Негізінен мектеп оқушыларының шығармашылығынан тұратын үнқағаздың сапасы анау-мынау басылымдардан кем емес.
Абай атындағы мектеп болғандықтан мұнда аптасына бір рет «Абайтану» пәні оқытылады. «Мақсатымыз Абайды тануды дәстүрлі кітаппен ғана емес, керісінше, заманауи технологиялардың, электронды ресурстардың көмегімен жүзеге асыру, - дейді мектеп басшысы.
Мұндағы әр бұрыш, әр зат Абай атымен байланысты. Заманауи стильде жасақталған «Абай» кітапханасында қазіргі кезде әзірге 1600-ге жуық кітап қоры бар. Кітапхана сөрелері ай сайын жаңа кітаптармен толығып тұрады.
«Әнді сүйсең, менше сүй» атты дыбыс жазу студиясын 2021 жылы аштық. Кез келген бала «жұлдыз» болғысы келеді емес пе? Қазіргі уақытта олар түрлі өнер конкурстарына қатысады. Сол уақытта сырттан басқа жерлерді іздегенше мектебімізде дайындала алады. Мұнда арнайы дыбыс жазатын мамандарымыз бар. Сондай-ақ қазіргі кезде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлмира Сарина оқушыларға сабақ береді, - деді Айгүл Қашаева.
Сонымен қоса, мектептің жеке телестудиясы бар. Мұнда 2021 жылы күллі әлемге таралған індет кезінде онлайн сабақтар түсірсе, ал қазіргі уақытта мұғалімдер мен оқушылар түрлі танымдық бағдарлама түсірумен айналысады. Аптасына бір рет оқушылар «Тағылым», Тұлғатану» атты бағдарламаларды түсіреді. Дәл осы студияда жазушы Роза Мұқанова, айтыскер ақын Аманжол Әлтаев және т.б. қонақта болып, сұхбат берген.
Былтыр Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай 1000 бала Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін бір мезетте айтудан хор ұйымдастырдық. Бұл мектепшілік жоба болды. Енді биыл осы жобаны қалалық деңгейде өткізуді жоспарлап отырмыз, - дейді білім ордасының басшысы.
Өлең оқу демекші, мұндағы кез келген сыныпқа бас сұғып, кез келген оқушыдан сұрасаңыз болды, Абай өлеңдерін жатқа соғады. Осы қалайы жоқ, бәрі шетінен тақылдап тұр. Шәкірттердің ұлы ақын мұрасын жас күнінен бойына сіңіріп өсіп келе жатқанына сүйсінесің.
Сонымен қатар білім ордасында «Абай әлемі» театры, «Абай» оркестрі, «Зере» әжелер, «Құнанбай» әкелер мектептері бар. Осы арқылы Абай болмысын оқушыларға сан түрлі бағыт арқылы түсіндіреді.
Рухани тәлім-тәрбие ошағы
Қаладағы Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназия да ұлттық тәрбиені дәріптеп, рухани тәрім-тәрбиеге басымдық беретін білім ұясы.
Мектептің табалдырығын аттағаннан-ақ мұнда ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай ерекше қастерлейтіні сезіледі. Бұған қазіргі мектеп басшысы да аз еңбек сіңірмегенін аңғардық.
Мектеп директоры химия ғылымдары бойынша PhD докторы Аятжан Ахметжанұлының айтуынша, білім ордасы ашылған сәтінен-ақ ұлттық бағытта жұмыс істеуді басты мақсат етіп қойған.
Білім ордасында Ербол Іргебай атындағы кабинет, «Абай» кітапханасы, «Мағжан» дәріс залы, «Алаш» тарих кабинеті, «Мұхтар» мәжіліс залы, «Қайым» мұражайы, «Шоқыр» спорт залы бар.
Мектептің ұлттық стилі Домбыра кабинетінен-ақ бірден көзге түседі. Қазіргі кезде ата-ана, оқушы және мұғалімдерден тұратын барлығы 90 адамдық оркестр жасақталып жатқан көрінеді. Оркестрде 60 домбырадан өзге жетіген, сазсырнай, сыбызғы секілді басқа ұлттық музыкалық аспаптар бар.
Бір ерекше атап өтерлігі, әр қабырғада оқушының жасына қарай тәрбиелік мәні зор суреттер бейнеленген. «Мұның бәрі оқушының бойына ұлттық тәлім-тәрбиені сіңіруге үлкен ықпал етеді», - дейді директор.
Тұлғалар дәлізінде Абай, Ыбырай, Шоқан, Мәшһүр Жүсіп және Алаш қайраткерлерінің бейнесін көре аласыз.
Мінеки, бұл – «Қайым» мұражайы. Мұражайдың концепциясын алаштанушы Ұшқын Сәйдірахман әзірлесе, ал ғалымның мүсінін өзіміздің технология пәнінің мұғалімдері жасады. Бұл жерге келушілер Қайымның көзі тірісінде қолданған заттарын, телефон, магнитафон, кітаптарын және тағы басқа жәдігерлерін қолымен ұстап, жақынырақ таныса алады, - деді Аятжан Ахметжанұлы.
Мақсат – мектепті тек ұлттық нақышта безендіріп, сәндеп қою емес, осындай орта қалыптастыру арқылы шәкірттердің бойында тал-шыбық кезінен халықтық тәрбие мен рухты қалыптастыру екенін айтады директор.
Ұлттық мектепті қалыптастыру үшін оның ұлттық элементі, ұлттық баспасөзі, мінезі, тарихы, қасиеті – барлығын қамтуға тырысып жатырмыз. Бұдан өзге, ұлттық ойындарға негізделген түрлі іс-шаралар өткізіп келеміз. «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға – қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады» деген Мағжанның сөзі бар, сол себепті ел болуымыз да мектебімізге келіп тіреледі. Қазақтың жанына жақын мектепті құру басты ниетіміз әрі басты арманымыз, - деп сөзін түйіндеді білім ұясының басшысы.
Сабина КӘКІМЖАН