Білім

Екі мыңнан астам оқушы робототехникадан іріктеу чемпионаттарына қатысады

Елімізде робототехникадан іріктеу ойындарына екі мыңнан астам оқушы қатысады. Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары Американың Хьюстон қаласында өтетін халықаралық чемпионатта ел намысын қорғауға мүмкіндік алады, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік FIRST Robotics қозғалысы аясында іріктеу ойындары 21-29 қаңтар аралығында Астана, Алматы, Шымкент және Орал қалаларында өтеді. Жарыс Оқу-ағарту министрлігі мен USTEM Robotics қоғамдық қорының қолдауымен өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті.

-->

Биылғы жарыс энергия тақырыбы аясында өтіп жатыр. Роботтарды бағдарламалау мен құрастырудан бөлек, балалар инновациялық жобалармен айналысады. Өңірлік кезеңге өту үшін әрбір команда әлеуметтік желілерде көптеген тапсырмаларды орындады, соның ішінде балалар түрлі энергетикалық станцияларға барып, репортаж жасап, сарапшылардан сұхбат алды. Онымен қоса, оқу орындарында шеберлік сабақ өткізді, сондай-ақ, өздерінің жергілікті қоғамдастығы ішінде маңызды мәселелерді көтерді. Балалардың еңбектерін #FIRSTKZ2023 хэштегі арқылы инстаграм желісінен тамашалауға болады. Ақпанның 24-26 аралығында Астанада өтетін Ұлттық кезеңнің жеңімпаздары ел намысын қорғауға Хьюстонға, АҚШ-қа барады. Айта кетейік, жыл сайын робототехникамен айналысатын балалардың саны артып келеді. Бұған себеп Оқу-ағарту министрлігінің қолдауы. Осы бағыттағы үйлесімді еңбектің нәтижесінде 2022 жылдың қазан айында біздің оқушылар Женевада өткен FIRST Global Challenge Дүниежүзілік жарысында жеңіске жетті. Кейін Шымкент қаласының оқушылары Дортмунд қаласында өткен робототехника бойынша Халықаралық Олимпиадада алғаш рет екінші орын иеленді, - деді USTEM Robotics қорының жетекшісі Асылбек Мурзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы 3 жылда Қазақстанда 3 мыңнан астам робототехника кабинеті ашылды. Екі мыңнан астам мұғалім робототехника курстарынан өтті.