Білім

Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті

Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Парламентінің өкілдері, ЖОО ректорлары, ҒЗИ мен министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.

Министр өз сөзінде министрліктің даму стратегиясына негіз болған жоғары білім берудің басым міндеттерін атап өтті.

Өз сөзінде Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында жаңадан «Ғылым және технологиялық саясат туралы» ҚР Заңы әзірленетінін, ол ғылым саласындағы жаңа бағытқа көшуге негіз болатынын және сол арқылы ғылым мен технологияның тың моделін енгізу қамтамасыз етілетінін атап өтті.

Сонымен қатар ведомство басшысы министрліктің маңызды бағыттарының бірі – тіл саясаты бойынша 2022 жылды қорытындылады. Министрдің айтуынша, ЖОО мен ТжКБ үшін қазақ тіліндегі 20 атаудағы оқулық шығарылды. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай 63 іс-шара өткізілді. Үкімет қаулысымен «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгілері бекітілді.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгінов ғылымды, жоғары білім беруді және тіл саясатын дамыту саласында бірқатар нақты тапсырмалар берді.

-->

Жоғары білімнің қолжетімдігі үшін гранттарды 2025 жылға дейін жыл сайын 5 000-ға ұлғайту көзделген. Шәкіртақы мөлшері бойынша да осындай динамика болады. Еңбек нарығы қазірдің өзінде сұранысқа ие болу үшін тек бір саладағы білімнің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Ол үшін кадрларды даярлауда пәнаралық тәсіл принципі көбірек қолданылуда. Студенттер контингентінің жыл сайын ұлғаюы жоғары оқу орындары арасында бәсекелестікті арттырады және білім беру бағдарламаларының алуантүрлігіне әкеледі. Еңбек және білім нарығын үндестіру үшін біз жоғары оқу орындарының ОПҚ арасында форсайт-сессия және өңірлік нарықты талдау негізінде кәсіптердің өңірлік карталарын әзірлеу бойынша жұмысты бастадық, – деп атап өтті ведомство басшысы.