Білім

Жеңіс Қасымбек пен Асхат Аймағамбетов білім саласындағы мәселелерді талқылады

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек пен Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қаладағы білім саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Басты назар саладағы проблемаларда болды.

Асхат Аймағамбетов демографиялық өсімге байланысты оқушы орнының, сондай-ақ балабақшалардағы орын тапшылығының жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар министр «Оқуға құштар мектеп» жобасын кеңінен насихаттау және мектептерді көркем әдебиетпен, әсіресе, мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Инклюзивті білім беруді дамытуға көңіл бөлу маңызды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек білім саласындағы түйткілді мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізді.

-->

Бұл - біз үшін ең маңызды басымдық. Мемлекет басшысы тапсырғандай, құрылысы басталған мектептерді аяқтап, келесі жылы жаңа нысандардың құрылысын бастау, үш ауысымда оқитын, оқушы орны толы мектептер мәселесін шешу қажет. Елорда мектептеріндегі білім сапасын арттыру да өзекті мәселелердің бірі. Проблемаларды шешудің барлық жолы қарастырылатын «Астана білімі» арнайы қалалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз. НЗМ, «Білім-Инновация» қоры, жоғары оқу орындары мен біздің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды нақты елордалық мектептерге бекітуге болады деп санаймыз. Мектеп автобустары бойынша жобаны, мектеп директорлары мен педагогтері бойынша арнайы жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз, — деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар министр «Оқуға құштар мектеп» жобасын кеңінен насихаттау және мектептерді көркем әдебиетпен, әсіресе, мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет екенін айтты. Инклюзивті білім беруді дамытуға көңіл бөлу маңызды.

Ерекше балаларға арналған интернаттар салуды ұсынамыз. Сондай-ақ балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту және Астанада жаңа Оқушылар сарайын салу маңызды, - деп атап өтті министр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек білім саласындағы түйткілді мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізді.

Қала тұрғындарының саны жыл сайын 100 мың адамға артып келеді, облыстармен салыстырғанда туу көрсеткіші жоғары. 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мектептер жаяу қолжетімді болуы үшін жаңа ғимараттар салуды бастауды жоспарлап отырмыз. «Жайлы мектеп» жобасы аясында да осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл ең алдымен балабақшалар мен мектептер. Білім сапасын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алмақпыз. Оқушылар сарайларын және басқа да нысандарды салу мәселелерін шешу қажет. Осы бағытта сіздермен бірлесе жұмыс істейміз, – деді Жеңіс Қасымбек.