Білім

Оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады

Оқушылардың қысқы демалысы 8 қаңтарға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушылары қысқы каникулға 31 желтоқсаннан бастап шығады.

Айта кетсек, осы аптада қазақстандық мектеп оқушылары сегіз аптаға созылған екінші тоқсанды аяқтап жатыр.

Жалпы алғанда, биылғы оқу жылының ұзақтығы 2-11 сынып аралығындағы балалар үшін 36 аптаға, 1-сынып оқушылары үшін 35 аптаға созылады.

-->

Оқушылардың қысқы каникулы 2022 жылғы 31 желтоқсан мен 2023 жылғы 8 қаңтарға дейін жалғасады, - делінген хабарламада.