Мектеп салу – өзекті мәселе
Білім беру саласындағы түйткілді мәселелердің қатарында мектеп санының жетіспеушілігі мен халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету көбірек аталатыны белгілі. Әсіресе, бұл мәселелер Астана сияқты үлкен шаһарларда да өзектілігін жоймай келеді. Осындай күрмеулі нәрселердің түйінін шешу үшін Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Ал аталған Жоба бойынша Астанада қандай шаруалар қолға алынды, Elorda Info тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.
Астана қаласының білім беру саласында қазір 326 078 баланы қамтитын 653 (оның 242-і мемлекеттік, 411-і жекеменшік) ұйым жұмыс жасап тұр. Соның ішінде 236 757 контингенті бар 162 жалпы білім беретін мектептер бар. Елордадағы білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту үшауысымды және бала саны шамадан тыс мектептердің санын азайтуға бағытталған. Бүгінгі күні қалада бала саны шамадан тыс 18 мектеп, үшауысымды 8 мектеп жұмыс жасайды.
Халықтың жыл сайынғы өсуі салдарынан оқу орындарына деген сұраныс артып келеді. Еліміз бойынша Астана мектеп салудан көш бастап тұр. Жоспарлы түрде оқушыларды қажетті оқу орындарымен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған орындардың иығына түскен артық салмақты алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек екенін айтады қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2026 жылға дейін оқушылардың орын тапшылығы мәселесін шешу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мысалы, бюджеттік инвестиция аясында екі ауысымда 90 мың орындық оқушыны қамтитын 24 мектептің құрылысын салу көзделіп отыр. Аталған мектептердің құрылысы 2023 жылы басталып, 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қаланың құрылыс, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларымен бірлесіп, қадамдық қолжетімділік қағидасы бойынша жаңа мектеп салуға 102 жер телімін бөлу қарастырылды. Мұның бәрі Астана қаласының бекітілген Бас жоспарында көрініс тапты. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне орай қаланың барлық ауданында орналасқан. Мәселен, елорда тұрғындары көбірек шоғырланған және қарқынды дамып келе жатқан Есіл ауданында мектеп салынатын – 49 учаске, Алматы ауданында – 29 учаске және тағысын тағылар.
-->Білім беру саласындағы түйткілді мәселелердің қатарында мектеп санының жетіспеушілігі мен халықты сапалы біліммен қамтамасыз ету көбірек аталатыны белгілі. Әсіресе, бұл мәселелер Астана сияқты үлкен шаһарларда да өзектілігін жоймай келеді. Осындай күрмеулі нәрселердің түйінін шешу үшін Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Ал аталған Жоба бойынша Астанада қандай шаруалар қолға алынды, Elorda Info тілшісі осы сауалға жауап іздеп көрді.
Астана қаласының білім беру саласында қазір 326 078 баланы қамтитын 653 (оның 242-і мемлекеттік, 411-і жекеменшік) ұйым жұмыс жасап тұр. Соның ішінде 236 757 контингенті бар 162 жалпы білім беретін мектептер бар. Елордадағы білім беру жүйесінің инфрақұрылымын дамыту үшауысымды және бала саны шамадан тыс мектептердің санын азайтуға бағытталған. Бүгінгі күні қалада бала саны шамадан тыс 18 мектеп, үшауысымды 8 мектеп жұмыс жасайды.
Халықтың жыл сайынғы өсуі салдарынан оқу орындарына деген сұраныс артып келеді. Еліміз бойынша Астана мектеп салудан көш бастап тұр. Жоспарлы түрде оқушыларды қажетті оқу орындарымен қамтамасыз ету және жұмыс істеп тұрған орындардың иығына түскен артық салмақты алып тастау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салу керек екенін айтады қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы.
Соңғы үш жыл ішінде 34 мектеп салынып, пайдалануға берілді. Аталған оқу орындары 70 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік берді. Үшауысымды және бала саны шамадан тыс мектептердің санын азайту мақсатында ағымдағы жылы 22 750 орынға арналған 11 мектеп салу бойынша жобалар іске асырылып жатыр. Оның ішінде бесеуі – бюджеттік инвестиция бойынша, екеуі мемлекеттік-жекелік әріптесік болса, төртеуі жеке меншік мектептер. Аталған мектептің екеуі 1 қыркүйекте пайдалануға берілсе қалған тоғызы мектеп осы оқу жылының ішінде қолданысқа беріледі, – дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру аясында 2026 жылға дейін оқушылардың орын тапшылығы мәселесін шешу үшін нақты жұмыстар атқарылып жатқан көрінеді. Мысалы, бюджеттік инвестиция аясында екі ауысымда 90 мың орындық оқушыны қамтитын 24 мектептің құрылысын салу көзделіп отыр. Аталған мектептердің құрылысы 2023 жылы басталып, 2025 жылға дейін пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, қаланың құрылыс, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармаларымен бірлесіп, қадамдық қолжетімділік қағидасы бойынша жаңа мектеп салуға 102 жер телімін бөлу қарастырылды. Мұның бәрі Астана қаласының бекітілген Бас жоспарында көрініс тапты. Жер учаскелері әлеуметтік нысандардың қажеттілігіне орай қаланың барлық ауданында орналасқан. Мәселен, елорда тұрғындары көбірек шоғырланған және қарқынды дамып келе жатқан Есіл ауданында мектеп салынатын – 49 учаске, Алматы ауданында – 29 учаске және тағысын тағылар.
Жаңа мектептердің құрылысын салып қана қоймай, қолданыстағы мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға да үлкен көңіл бөлінуде. Осы жылы 37 білім беру ұйымына, оның ішінде 15 мектеп, 21 балабақша, 1 колледжге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Қасымхан Сенғазыев.