Республикалық дебат турнирінің жеңімпаздары марапатталды
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында өткен республикалық дебат турнирі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің әр өңірінің 27 оқушысы жеңімпаз атанды. Олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден астам оқушы қатысты.
Қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша бірінші орынды және Оқу-ағарту министрлігінің кубогін Павлодар және Ақтөбе облыстарының командалары жеңіп алды. Үздік спикерлер Ақниет Оралғазы (Семей қ.), Арухан Мұрзаділова (Астана қ.), Севинч Абдусаматова (Түркістан облысы) атанды.
-->Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кубогі үшін оқушылар арасында өткен республикалық дебат турнирі аяқталды, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің әр өңірінің 27 оқушысы жеңімпаз атанды. Олар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Республикалық кезеңдегі зияткерлік сайысқа облыстық турнирлердің жеңімпазы атанған 100-ден астам оқушы қатысты.
Қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша бірінші орынды және Оқу-ағарту министрлігінің кубогін Павлодар және Ақтөбе облыстарының командалары жеңіп алды. Үздік спикерлер Ақниет Оралғазы (Семей қ.), Арухан Мұрзаділова (Астана қ.), Севинч Абдусаматова (Түркістан облысы) атанды.
Мен студенттік кезімде дебаттарға белсене қатыстым. Сондықтан дебаттардың көптеген маңызды құзырет пен дағдыны үйрететінін білемін. Пікірталасқа дайындалған кезде сен кез келген мәселеге әдеттегідей тек бір жағынан ғана емес, сонымен бірге сыни тұрғыдан қарауды, жағымды және жағымсыз жақтарын көруді үйренесің. Барлық дұрыс және кемшін тұсын өлшейсің. Бұл өте маңызды. Қазір балалар гаджеттерді жиі пайдаланады, бұл ретте оқушыларымыз өз ұстанымдарын дәлелдей біліп, сыни тұрғыдан ойлауы, топта жұмыс істей білуі маңызды. Барлық қатысушыны жетістіктерімен құттықтап, жаңа жеңістер тілегім келеді. Сіздермен бірге дебат қозғалысын дамытуды жалғастырамыз, – деді Асхат Аймағамбетов.