27-28 қарашада астаналық студенттер қашықтан оқиды
27-28 қараша күні Астанадағы жоғары оқу орындарының оқу форматы өзгереді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«4 жоғары оқу орны — қашықтан, 2 жоғары оқу орны — ішінара қашықтан, 2 жоғары оқу орны — каникул (1 триместр), 5 жоғары оқу орны — дәстүрлі (офлайн) форматта. Оқу форматына қатысты шешімді жоғары оқу орындары академиялық саясатына сәйкес дербес қабылдайды», — деді министрлік өкілі Олжас Беркінбаев.
Ал оқушылар мен колледж студенттеріне қатысты елорданың Білім басқармасының баспасөз қызметі сабақ әдеттегідей форматта өтетінін хабарлады.
Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27 қараша күні елімізге Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді.