700-ден астам колледжде Жұмыс берушілер күні өтіп жатыр
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Айтуынша, академиялық еркіндікті енгізу арқылы жұмыс берушілер мен колледждер арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.
1. Енді жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни колледждер нарық сұранысына қарай оқу бағдарламаларын жасайды.
2. Колледждердің барлық ББ орналастырылған білім беру бағдарламаларының тізілімі іске қосылды. Жұмыс берушілер оларды көріп, өз ұсыныстарын бере алады.
3. Колледждерге күтілетін оқу нәтижелеріне байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп оқу мерзімдерін анықтау құқығы берілді.
Сондай-ақ Академиялық еркіндіктің артықшылықтары туралы кейінірек толығырақ жазатынын айтты.
-->
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады Elorda.info.
Бүгін Astana Polytechnic жоғары колледжіне бардым. Онда әріптестеріммен, жұмыс берушілермен, студенттермен әңгімелесіп, колледждің материалдық-техникалық жабдықталуын қарап шықтым. Жұмыс берушілермен кадрларды даярлау мәселелерін талқыладық. Кездесуге ірі және орта бизнестің 64 өкілі қатысты, олардың барлығы Астана колледждерінің әлеуметтік серіктесі. Кездесуде академиялық тәуелсіздік, дуалды оқыту, Worldskills қозғалысын дамыту, колледждерде қатаң белгіленген оқу мерзімін жою, мемлекеттік мақсатты тапсырысты орналастыру, студенттерді жұмысқа орналастыру және т.б тақырыптары қозғалды. Кездесуде кәсіптік стандарттарды бекіту, біліктілікті тәуелсіз бағалауды енгізу және дуалды оқытуды дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеу керегін атап өттім, – деп жазды министр.
Айтуынша, академиялық еркіндікті енгізу арқылы жұмыс берушілер мен колледждер арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді.
1. Енді жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға тікелей қатысады. Яғни колледждер нарық сұранысына қарай оқу бағдарламаларын жасайды.
2. Колледждердің барлық ББ орналастырылған білім беру бағдарламаларының тізілімі іске қосылды. Жұмыс берушілер оларды көріп, өз ұсыныстарын бере алады.
3. Колледждерге күтілетін оқу нәтижелеріне байланысты жұмыс берушілермен бірлесіп оқу мерзімдерін анықтау құқығы берілді.
Сондай-ақ Академиялық еркіндіктің артықшылықтары туралы кейінірек толығырақ жазатынын айтты.
Бүгінгі іс-шараға ірі компаниялардың, орта және шағын бизнестің 4 мыңнан астам өкілі қатысып жатыр. Сондай-ақ кадрлар даярлаудағы ынтымақтастық үшін 2,4 мыңнан астам жұмыс беруші бізден алғыс хаттар алды. Бүгінгі іс-шараларды ұйымдастырып, атсалысқандары үшін тағы да барша әріптесіме және жұмыс берушілерге алғыс айтамын, – деді Аймағамбетов.