Елімізде мектеп формасына тағы да өзгеріс енгізілуі мүмкін
Мектеп формасының тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомствоның бұйрығында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.
Министрліктің ұсынысы бойынша енді ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыс мезгілінде трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Дегенмен қыс мезгілінде оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.
Құжатта жазылғандай, білім басқармалары ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Десек те бұл орайда жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге болмайды. Жаңа өзгеріске ата-аналардың өндірушіні таңдауда және мектеп формасын сатып алуда тәуелсіз екенін айқындайтын редакция енгізілген.
Бұйрыққа сәйкес, мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері мен мектеп тарапынан жауапты тұлғалар қатысып, шешім қабылдайды.
Құжат 15 қарашаға дейін ашық талқылауға шығарылған.
-->Мектеп формасының тәртіптері мен ережелері ашық талқыға шығарылған ведомствоның бұйрығында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.
Министрліктің ұсынысы бойынша енді ұлдарға күнделікті жейде, түймелері бар немесе тоқылған күрте, кардиган, поло жейде және тенниска киюге болады. Ал қыс мезгілінде трикотаж жилет пен водолазкаға рұқсат етіледі. Қыздарға да осы талап қойылады. Дегенмен қыс мезгілінде оларға трикотаж жилет, водолазкадан бөлек, сарафан кию ұсынылады.
Бұл уақытқа дейін болған мерекеде ұлдардың күнделікті формаға қосымша ақ жейде, қыздардың ақ түсті блузка киуі туралы норма алынып тасталады. Сонымен қатар, мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес келетін галстук тігу талабы да алынып тасталады, - деп көрсетілген бұйрықта.