Білім

Елдегі мектептердің 90%-ында интернет жылдамдығы талапқа сай келмейді

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Халықаралық электрбайланыс одағының талабына сәйкес, оқушы саны 400-ден астам мектептерге интернет жылдамдығы 20 оқушыға секундына кем дегенде 1 Мб болуы тиіс. 

Бұған қоса, 266 мектеп орналасқан елдімекенде талшықты-оптикалық желі салу қажет. 

-->

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі күні еліміздің 7 мыңнан астам мемлекеттік мектептерінің 7078-і Интернет желісіне қосылған. Оның 5122-сі ауылдық, ал 1 956-сы қалалық мектеп болып табылады. Интернетке қосылмаған 20 мектептің 15-і ауылдық, ал 5-уі қалалық мектеп», - деді Цифрлық даму министрі Үкіметтің бүгінгі отырысында. 

Халықаралық электрбайланыс одағының талабына сәйкес, оқушы саны 400-ден астам мектептерге интернет жылдамдығы 20 оқушыға секундына кем дегенде 1 Мб болуы тиіс. 

Көріп отырғаныңыздай, еліміздің 90% мектебі, яғни 6 мыңнан астам мектеп бұл талапқа сай келмейді. Қазіргі уақытта 664 мектепте қана Интернет жылдамдығы талапқа сай келіп тұр. Ал 2810 мектеп осы талапқа сәйкес келмесе де, олар орналасқан елдімекендерде талшықты-оптикалық байланыс желілері бар. Сондықтан, әкімдіктер аталған мектептерде Интернет жылдамдығын арттыру үшін қаражат бөліп, тиісті жұмыстарды жүргізуі қажет, - дейді Б. Мусин. 

Бұған қоса, 266 мектеп орналасқан елдімекенде талшықты-оптикалық желі салу қажет. 

Сондай-ақ, 2784 мектепте талшықты-оптикалық немесе радио-релейлік байланыс желілерінің болмауынан интернет жылдамдығын арттыру мүмкіндігі мүлдем жоқ. Ал шалғай орналасқан ауылдық жерлердегі 574 мектеп үшін байланыс желілерін спутниктік технологияларды пайдалана отырып ұйымдастыратын боламыз, - деді Бағдат Мусин.