Білім

Қазақстандық түлек колледж студенттеріне арналған әлем чемпионатында қола медаль алды (ВИДЕО)

Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов өзінің facebook-парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізді. Бұл – дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі.

-->

Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

Динаны жеңісімен құттықтаймын! Оның еңбегі, білімі мен табандылығыеліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін.

WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 ​​демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді. Чемпионатқа Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы 30 құзыреттілік бойынша қатысып жатыр. Жарыстар 10 елдің 16 қаласында өтіп, 28 қарашаға дейін жалғасады,- деп жазды министр.