«Bala qorgau»: оқу жылы басынан бері 100-ден астам өтініш түсті
Оқу жылының басынан бері Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bala Qorgau» телеграм-ботына 100-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Өтініштердің басым бөлігі балалардан келген. Олар балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты. Өтініш бергендердің барлығына қажетті педагогикалық және психологиялық көмек көрсетілді. Жоба іске қосылғалы бері 4 ай ішінде 600-ден астам өтініш қаралды.
Айта кетейік, Оқу-ағарту министрлігі Балалар жылы аясында балалар мен ересектерге психологиялық көмек көрсетуге арналған «Bala Qorgau» интернет-ресурсын іске қосқан болатын. Қазіргі күні мектептерде QR-коды және «Bala Qorgau» сайтының (https://bala.gov.kz) мекенжайы жазылған арнайы белгілер орнатылып жатыр.
QR-кодын сканерлеу арқылы оқушылар «Bala Qorgau» сайтына өтіп, өз сұрақтарын қалдыра алады. Оқушылар мен ата-аналар да анонимді түрде көмек сұрап, білім беру ұйымдарындағы заңсыз әрекеттер туралы хабарлай алады.
-->Оқу жылының басынан бері Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Bala Qorgau» телеграм-ботына 100-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Elorda.info.
Өтініштердің басым бөлігі балалардан келген. Олар балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасқа қатысты. Өтініш бергендердің барлығына қажетті педагогикалық және психологиялық көмек көрсетілді. Жоба іске қосылғалы бері 4 ай ішінде 600-ден астам өтініш қаралды.
Bala Qorgau» жобасына келіп түскен өтініштерді шартты түрде үш санатқа бөлуге болады. Олар - отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы түсініспеушілік, мектептегі құрдастар арасындағы жанжал және мұғалімдер мен балалар арасындағы жанжал. Болашақта проблемаларға әкелетін қақтығыстардың көпшілігін балалардың психологиясын түсіну арқылы болдырмауға немесе шешуге болады. Баланың эмоционалды денсаулық жағдайы үшін жауапкершілік ең алдымен ересектерге, яғни ата-аналар мен мұғалімдерге жүктеледі, – деді Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.