Білім

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Telegram бот іске қосылды

Халықаралық бағдарламалар орталығы «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері, стипендиаттары, түлектері үшін Bolashaq.Cip Telegram ботын іске қосты, деп хабарлады Elorda.info.

«Болашақ» бағдарламасының үміткерлерімен, стипендиаттарымен, түлектерімен кері байланыстың тиімділігін арттыру үшін Telegram мессенджерінде бот іске қосылды. Халықаралық бағдарламалар орталығының «Bolashaq.Cip» ботына мына сілтеме арқылы өтуге болады.

Арнадан шетелдік ЖОО-ларға түсу туралы барлық қажетті ақпаратты, «Болашақ» стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеуге дайындық жөнінде кеңестерді алуға болады.

Стипендиаттар бот арқылы оқу шартын жасау үшін қажетті құжаттардың тізімін, стипендияны есептеу, шығындарды аванстау, кепілді ауыстыру және т.б. көптеген мәлімет алады. Сонымен қатар стипендиаттардың арна арқылы жеке куратормен байланысып, өз сұрақтарын қоюға мүмкіндігі бар. Оған қоса, олар оқу және тағылымдамадан өтуге шарт жасау үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына баруды алдын ала брондай алады.

«Болашақ» бағдарламасы түлектерінің арнайы калькулятордың көмегімен еңбекпен өтеу мерзімін есептеуге, кепіл мүлкінің ауыртпалығын алып тастау туралы ақпаратты алуға және жұмысқа орналасуға өтінім қалдыруға мүмкіндігі бар.

-->

Бұл жаңашылдық біздің орталықпен байланысты жақсартады деп үміттенемін. Осы ретте, кеңес беруге әркезде ашық екенімді естеріңізге саламын. Сонымен бірге, менімен тікелей байланысуға болатынын атап өткім келеді. WhatsApp: +7 776 125 57 71, - деп жазды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин.