Білім

Үндістандық ғалым: білім саласындағы емтихан жүйесі дұрыс емес

Әлемде білім саласындағы емтихан жүйесі дұрыс емес. Бұл туралы ғалым, Үндістандағы NIIT университетінің құрметті профессоры Сугата Митра Х халықаралық ICBCB 2022 ғылыми конференциясында айтты, деп хабарлады Elorda.info Сулейман Демирель атындағы университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Халықаралық «Өзгеріс үстіндегі әлемде тең дәрежеде білім беруді ілгерілету» конференциясы Алматыда Сулейман Демирель атындағы университетте өтті. Оған педагогика саласын зерттеп жүрген шетелдік және отандық ғалымдар қатысып жатыр. Солардың бірі информатик және білім беру теоретигі, үндістандық NIIT университетінің профессоры Сугата Митра балаларға тең дәрежеде білім саласындағы зерттеуімен бөлісті.

Ғалым бұл зерттеуді Минималды инвазивті білім (MIE) деп атаған.

-->

Үндістанда тұрмыс жағдайы төмен ауылдарда тұратын балалар өмірінде компьютер көрмеген.  Калкаджиде, Делиде эксперимент жасап, лашықтардың ішіне компьютер орналастырдым және балаларға оны еш қадағалаусыз, еркін пайдалануға рұқсат еттім. Эксперимент ешқандай формалды дайындықсыз өтті. Ол балалардың компьютерді өте оңай меңгере алатынын дәлелдеуге бағытталған, - деді ғалым.

Ғалым бұл зерттеуді Минималды инвазивті білім (MIE) деп атаған.

Экспериментті бірнеше рет өткізіп, Үндістанның ауылдық жерлеріне 23 киоск орналастырдым. 2004 жылы ол Камбоджада өткізілді. 20 балаға 5 компьютер беріп, олардың топтық жұмысқа бейімделгенін, коммуникациялық дағдыларды қалыптастырғанын қаладым. Нәтижесінде, балалар ересектер қадағаламаса өз білімі мен ресурстарын біріктіре алатынын, компьютер мен интернет берсе, тіпті ағылшын тілін білмегеніне қарамастан оны пайдалануды өз бетінше үйрене алатынын көрсетті, - деді ғалым.