Білім

«Біліктілік арттыру»: 26 мыңнан астам пән мұғалімі тегін курстардан өтті

Қазақстандық педагогтер біліктілігін арттыру бойынша тегін курстардан өтуді жалғастырып жатыр. Курстарды Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» орталығы ұйымдастырып келеді, деп хабарлады Elorda.info Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Орталық 40 мыңнан астам пән мұғалімін оқытуды жоспарлап отыр.

«Өрлеу» орталығының 70-тен астам маманы 12 пән бойынша 44 бағдарлама әзірлегенін айта кетейік. Математика, информатика, физика, химия, биология, география, жаратылыстану, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих және бастауыш сынып мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан тегін өте алады. Курстар қараша айының соңына дейін жалғасады.

-->

Бүгінгі күні «Өрлеу» орталығының қызметкерлері 900-ден астам курс өткізді. Ол курстарға 26 мыңнан астам педагог қатысты. Қазіргі таңда 1 000-нан астам мұғалім оқуын жалғастырып жатыр. Курстардың нәтижесі бойынша алынған білімнің қорытынды бағасына, кейін оқытудың тиімділігіне талдау жасалды. Талдау нәтижелері пәндік білімнің 24%-ға артқанын көрсетіп отыр. Диагностикалық тестілеуден төмен ұпай жинаған мұғалімдер қорытынды бағалауда оң динамика (39%) көрсетіп, пәндік курстардың тиімділігін сезінді, - деді Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.