Келесі жылы ҰБТ тапсыру қалай өзгереді
Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы (20 балл) болады: 1-ден 10-ға дейін – бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, 11-ден 20-ға дейін – контекстке негізделген тапсырмалар (5 сұрақтан 2 контекстік мәтін).
«Оқу сауаттылығы» пәнінде талапкерлерге 3 мәтін бойынша 15 тест сұрағы (15 балл) беріледі.
Сонымен қатар ҰБТ тапсырмаларының құрылымы да өзгеріске ұшырайды:
1 дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін;
1 немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында (3 дұрыс жауаптан көп емес) нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін қысқарады.
-->Ұлттық бірыңғай тестілеуге енгізілетін өзгерістер туралы тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.