Білім

Педагогтердің аттестациядан өту тәртібінде қандай өзгерістер бар

Министрдің айтуынша, олар әдістемеге, әрбір біліктілік санатына қойылатын талаптарға, күтілетін нәтижелерге, кәсіби стандарттың өзара байланысына және т.б. қатысты болған.

Қазіргі уақытта барлық педагог аттестацияның екі кезеңінен өтеді: бірінші кезең - барлық педагогтің пән мен оқыту әдістемесін білуге арналған тестілеуден міндетті түрде өтуі және екінші кезең-педагог портфолиосын, жетістіктерін бағалау.

Мынадай өзгерістер ұсынылады.

Бірінші кезеңге, яғни ҰБТ-ға (Ұлттық біліктілік тесті) қатысты.

1. Әдістеме бойынша тестілеу сұрақтарын қамтитын толық тақырыптар мен әдебиеттер барлығына қолжетімді болады.

2. Педагогикалық өтілі 30 жыл және жаңа аттестация жүйесі бойынша санаты бар педагогтерді біліктілік тестілеуден босату ұсынылады. Олар аттестацияның екінші кезеңінен ғана өтеді, яғни портфолио тапсырады. Бұл ретте егер олар біліктілік санатын көтергісі келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді. Мысалы, 30 жылдық еңбек өтілі бар педагог-сарапшы өз санатын растаса, аттестациядан тек екінші кезеңнен ҰБТ-сыз өтеді, ал арттырғысы келсе қосымша ҰБТ тапсырады.

3. Сондай-ақ педагогикалық өтілі 30 жыл, бірақ ескі аттестаттау жүйесі бойынша жоғары, бірінші санатты педагогтер, «педагог-модератор» санатына ауысатын болса, онда олар біліктілік тестілеуден өтуден босатылады. Бұл жағдайда олар аттестацияның екінші кезеңінен өтеді, яғни портфолио тапсырады. Ал егер бұл педагогтер аттестацияның жаңа жүйесі бойынша басқа санаттарды алғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

4. Зейнетке шығуына 4 жыл қалған мұғалімдер де жаңа жүйе бойынша бар санатын  растаған жағдайда оларды аттестациядан босату ұсынылады. Ал егер олар қолданыстағы біліктілік санатын, тиісінше алатын үстемақысын арттырғысы келсе, онда аттестация жалпы негізде өтеді.

Сондай-ақ министр аттестацияның екінші кезеңінде де өзгерістер болатынын айтты.

1. Құжаттардың саны айтарлықтай қысқарады. Екінші кезеңдегі негізгі бағалау критерийлері: сабаққа қатысуы және оны талдауы, педагогтің біліктілікті арттыру курстарынан өтуі. ҰБДҚ-да әр мұғалім үшін маңызды ақпараты бар электронды портфолио құру жоспарланып отыр, мұғалімдер аттестация кезінде мәліметтерді сол жерден ала алады.

2. Оқушылардың білім сапасы туралы ақпарат ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.

3. Педагогтің кәсіби жетістіктері мен оқушылардың жетістіктеріне келетін болсақ (олимпиадалар мен конкурстар), олимпиадалар мен конкурстардың тізбесі айтарлықтай кеңейтіледі.

4. Сабақтардың бейнежазбалары міндетті болмайды, оның орнына қатысқан сабаққа және lesson study талдау жасалады.

5. Сонымен қатар тестілеуден өту тәртібін бұзған және өз жетістіктері туралы жалған ақпарат көрсеткен тұлғаларға 5 жылға аттестациядан өтуге тыйым салатын норманы енгізу ұсынылды.

6. Педагогикалық қызметке алғаш рет кіріскендер «педагог-тағылымгер» уақытша біліктілігін алып, бір жылға жұмысқа қабылданады, содан кейін оларда мамандыққа бейімделу, ену бағдарламасы басталады. Бұл бағдарлама бойынша жас маманға тәлімгер бекітіліп, оның кәсіби даму бағдарламасы әзірленеді, курстардан өтіп, lesson study жүргізеді және бағдарлама қорытындысы бойынша педагогикалық кеңес «педагог» санатын беру және шартты ұзарту туралы тиісті шешім қабылдайды.

7. Аттестация мерзімін 3 жылға дейін қысқартпай, 5 жылда бір рет, яғни сол күйінде қалдыру туралы шешім қабылданды.

-->

Қабылданып жатқан шаралар мұғалімдерге өздерінің біліктілік деңгейін арттыру мәселелеріне тиімдірек қарауға мүмкіндік беріп, негізгі міндетті, яғни білім сапасын арттыруды шешетініне сенімдімін, - деп жазды А.Аймағамбетов.